Ерекше жандарға арналған еңбек терапиясы жайлы не білесіз? - Алматы психикалық денсаулық орталығы
Ерекше жандарға арналған еңбек терапиясы жайлы не білесіз?

Алматы қалалық психикалық сауықтыру орталығының әлеуметтік еңбектерапиясы оңалту бөлімшесі – ерекше қолдауды қажет ететін жандардың қабілетін дамытып, еңбекке бейімделуіне мүмкіндік береді.
Бүгінде бөлімде 30 адам еңбек терапиясымен айналысады. Олар бақша егіп, өсімдіктерді күтіп баптайды, конверт жасап, сурет салады, баспа цехында, тігін шеберханасында жұмыс істейді.
Әрбір жасалған бұйым, әрбір атқарылған жұмыс – олардың еңбегінің, талпынысының және жетістігінің көрінісі.
-Біздің мақсатымыз әр адамның бойындағы мүмкіндікті ашуға көмектесу, өзіне деген сенімін арттыру және қоғамға белсенді араласуына жағдай жасау,-дейді Наталья Денякина .
Ерекше жандарға қамқорлық пен үміт сыйлаған шеберханалардың бір күні қалай өтеді? Бейнероликті бірге көрейік.

Ерекше жандарға арналған еңбек терапиясы жайлы не білесіз?