Өмірді сақтап қалу жолындағы ынтымақтастық - Алматы психикалық денсаулық орталығы
Өмірді сақтап қалу жолындағы ынтымақтастық

23 шілдеде Алматы қаласының Отбасын қолдау орталығында (ОҚО) психологтар мен мен әлеуметтік қызметкерлер «Суицидтің алдын -алу (превенция) және суицидтен кейінгі көмек (поственция) бойынша бағыт және ведомствоаралық өзара әрекеттесу» деген тақырыпты талқылады.
Алматы қалалық Психикалық денсаулық орталығының (ПДО) дәрігер-психиатры Мария Токарева арнайы сарапшысы ретінде қатысып, суицидтің алдын- алу (превенция), адам өмірін сақтап қалу және психикалық денсаулықты нығайтуға, дағдарыстан қалжыраған сәтте шұғыл көмек көрсетуге бағытталған кешенді шаралар жүйесінің маңыздылығын алға тартты.
Қатысушылар «Маршрутизация (бағыттау), яғни Отбасын қолдау орталығына жүгінген, өмірін қыршын қиюға бейім тұрғындарды тәжірибелі мамандарға қалай жылдам, қауіпсіз әрі тиімді бағыттау тетіктерін жан-жақты талқылады. Сонымен бірге заң аясында дағдарыстық жағдайларда психолог жұмысының құқықтық шегі мен кәсіби құпиялылықты сақтау және стигманы еңсеру,адамды психологиялық тұрғыдан дайындау және дәрігер-психиатрға жүгінудегі үрейді азайту жолдары талқылады.
💡 Кездесудің басты нәтижесі: Сұхбат өте жанды әрі практикалық форматта өтті. Отбасын қолдау орталығы қызметкерлері мұндай кездесулерді тұрақты түрде өткізіп тұру және шынайы кейстерді егжей-тегжейлі талдайтын супервизия ұйымдастыру туралы ұсыныс білдірді.
Психологтар мен әлеуметтік қызметкерлер коммандалық жұмыс, анық алгоритмдер мен сарапшылардың ашық диалогі ғана көмекке мұқтаж жандарға уақытылы қолдау көрсетуге мүмкіндік береді деп тарқасты.

Өмірді сақтап қалу жолындағы ынтымақтастық