
Бұл есіктің ар жағында үрейді ұшыратын тыныштық жоқ немесе көне көркем туындылардың стереотиптеріне қайшы, драмалық айқайлар жоқ. Мұнда жаңа ғана демдеген шайдың иісі , терезеден жасыл желекке оранған аула көрінеді. Дәлізде медбике дәрілер тағайындаған журналын құшақтап, сенімді , қадамын нық басып келе жатыр.
Бұл Алматының Психикалық сауықтыру орталығының әйелдерге арналған 4-ші жалпыпсихиатриялық бөлімі. Күн сайын мұнда айқай-шусыз және артық пафоссыз адамдарға өз әлемімен қауышуға, оралуға мүмкіндік беретін мекен.
Бөлімнің әйелдерге арналған палаталарында қабырғаларға түскен жарық, ұқыпты жиналған төсек, жеке заттар көзге түсті. Мұндағы үйлесімділікпен бірге қауіпсіздік бар. Дағдарысты бастан өткерген психика әрқашан қолдау мен сүйенішке зәру. Әрі мұндай қолдау күнделікті өмірден басталады.
4-ші бөлімде емдеу шаралары тек «ауру белгілерін тоқтатумен»шектелмейді. Медициналық көмектің нақты шешімі , оның бағыт-бағдары бар. Бұл туралы бөлім меңгерушісі Әсем Рахымбаева айтып берді.
Науқастар үшін ең қиын кезең ауруханадан шығарылған күннен басталады. Алматы қалалық психикалық сауықтыру орталығының қабырғасында олар стресстен қорғалған, бірақ орталықтан тысқары әлемде аяушылық бола бермейді.
Бейімделудің машақатын — бұл бөлімнің дәрігерлері ерекше қорқынышпен айтады. Жұмысқа оралу, ұзақ уақыт көзден таса болғаныңызды жақындарыңызға түсіндіру және ең бастысы қолдау терапиясын қабылдауды жалғастыру. Орталық дәрігерлері адамды дертінен жазып қана қоймайды. Олар емделушілерге қоғамда «өмір сүру туралы нұсқаулық» береді және үнемі байланыста болады.
Психиатриялық Стигматизация-бұл адамдардың өмірін, кейде өмірдің өзін жоғалтуына кедергі. Психикалық бұзылыс- бұл қант диабеті немесе гипертония сияқты ағзадағы сырқат. Ми да -ауырып қалуы мүмкін. Сонымен, бөлімнің бір күні туралы бейнебаянды бірге көрейік.


