Новости

- Подробности
- Просмотров: 723
13 декабря 2017 года в "Центр психического здоровья" прошел Тренинг по профилактике эмоционального выгоранию, с применением методики "Миорелаксация по Джекобсону" среднего мед. персонала психиатрической клинике . Провели Бякова Светлана Сергеевна, Пономарев Роман Дмитриевич. Присутствовало 108 человек.
- Подробности
- Просмотров: 581
30 ноября 2017 года. Ко дню Первого Президента Республики Казахстана, было проведено праздничное мероприятия с участием сотрудников и гостей Центра, также был проведен флэшмоб в честь Первого Президента.
- Подробности
- Просмотров: 701
29.11.2017г. в ГКП на ПХВ "Центр психического здоровья" в рамках месячника Всемирного дня борьбы со СПИД был проведен семинар с участием представителей городского Центра по профилактике и борьбе со СПИД и ГНЦМСК на тему: ПСИХИЧЕСКИЕ РАССТРОЙСТВА У ВИЧ-ИНФИЦИРОВАННЫХ БОЛЬНЫХ.Выступили с докладом врачи эпидемиолог ЦПЗ Антонова Л.В., врач скорой психиатрической помощи Абдуллаев Н.С., врач- психиатр отделения №6 Редько М.С.
- Подробности
- Просмотров: 866
Қалалық наркологиялық медициналық-әлеуметтік түзету орталығы 2017 жылғы 27 сәуір күні сағат 9.00-ден 15.00-ге дейін Қазақстан Республикасында иммундау аптасына орай Ашық есіктер күнін өткізеді.
Келіңіздер, ақысыз және анонимді түрде келесі қызметтер ұсынылады:
- Нарколог дәрігердің кеңесі.
- Психотерапевтің кеңесі.
- Психологтың кеңесі.
- Подробности
- Просмотров: 1271
6 апреля 2017 году в Городском наркологическом центре медико-социальной коррекции при участии представителей Учебного центра «ASTC Global» был проведен семинар –совещания на тему : Техника осмотра помещении, выявление возможных мест закладки взрывных устройств, мероприятий по отработке совместных действий с заинтересованными органами и организациями по ликвидации угроз техногенного характера , возникших в результате акта терроризма ,а также в связи с террористическим актом РФ г Санк-Петербурга.
На семинаре приняли участия врачи наркологи и сотрудники служба безопасности центра.
Главный врач Городского наркологического центра медико-социальной коррекции Г. Сулейменова в своем выступление разъяснила ,о необходимости инженеру по ГО и ЧС Тулекбаеву А разработать алгоритм действий личного состава центра при угрозе осуществления террористического акта ,также составить план мероприятий по препруждению терроризма , заведующим отделений ГНЦМСК провести совещание в подразделениях в связи с террористическом актом РФ г. Санк –Петербург.
На семинаре директор Учебного центра «ASTC Global» Базикалова Г рассказала об угрозах терроризма в современном обществе, о меры и методов обеспечения в целях обнаружения угрозы и уменьшения риска, как по внешним признакам выявить наличие скрытого оружия, также как выявить террориста –смертника.
В ходе мероприятии заместитель главного врача по лечебной работе Г. Абдыбаева рассказала о сущности организации лечебно –эвакуационного обеспечения при ЧС и преемственном оказании медицинской помощи .
Также участникам был показан видеоролик о крупнейших теракте. В конце мероприятии сертификаты о прохождении семинара получили 30 сотрудник ГНЦМСК.
- Подробности
- Просмотров: 4387
1 сұрақ: Психиатриялық және наркологиялық ұйымдардан анықтаманы қалай алуға болады?
Жауап: диспансерлік есепте тұрған, тұрмағандығы туралы анықтаманы былайша алуға болады:
а) коммерциялық емес акционерлік қоғам «Мемлекеттік корпорация «Азаматтарға арналған Үкімет» -ХҚКО-нан.
б) «Электронды үкімет» www.egov.kz веб-портал
Анықтама беру мемлекеттік қызмет көрсетуге жатады, ХҚКО-нан тегін беріледі.
2 сұрақ: Жүргізушінің куәлігін алу үшін 075/у медициналық анықтаманы қалай алуға болады?
Жауап: Көлік құралдарын басқаруға рұқсат жөніндегі 083/у медициналық анықтаманы мына мекен-жайдан алуға болады:
Мақатаев көшесі, 10 үй – Алматы қаласы психикалық сауықтыру Орталығының наркологиялық қызметі, 4 дәрігерден: окулистен, ЛОР-дәрігерден, терапевтен және психиатр – наркологтан тексеруден өту қажет.
Алматы қаласы бойынша бізде ең төменгі баға.
Қажетті құжаттар – жеке куәлік немесе төл құжат.
075/у медициналық анықтамаңыз болса, психиатр-наркологтың тексеруінен Ә.Кекілбайұлы көшесі (бұрынғы Каблуков көшесі), 117-а үй, Байқадамов көшесінің қиылысы өте аласыз.
3 сұрақ: Адамның синтетикалық есірткі қолданғанын тексеретін тест бар ма?
Жауап: Иә, Алматы қаласы Мақатаев көшесі, 10 үйде орналасқан психикалық сауықтыру орталығының наркологиялық қызметінде барлық есірткі (психобелсенді заттарды), оның ішінде 30 түрлі синтетикалық есірткілерді анықтайтын экспресс-тест жолақтар пайдаланылады.
4 сұрақ: Кодтау және тиімділік дегеніміз не?
Жауап: Сізге дәрігер-наркологтың тексеруінен өтіп, емдеу әдісін дұрыс анықтау үшін кеңес алу қажет. Кодтау дербес емдеу ретінде қолданылуы мүмкін емес, тиімділік үшін құрама тәсіл керек. дәрігердің әдісі негізінен ішімдік және есірткі құралдарын қолдану жылдарына және психологиялық жағдайына байланысты.
5 сұрақ: Сіздер токсикоманияны емдейсіздер ме?
Жауап: Иә, емдейміз.
6 сұрақ: Сіздер игроманияны емдейсіздер ме?
Жауап: Игромания, басқалай айтқанда лудомания гемблинг – құмар ойындарға патологиялық бейімділік. Игроманиямен емдеумен дәрігер-психиатрлар мен психотерапевтер айналысады, бұл негізінен психикалық тәуелділік болып табылады.
7 сұрақ: Басқа облыстардың немесе Алматы облысының тұрғындарына тегін емделуге бола ма?
Жауап: КТМКК (кепілдендірілген тегін медициналық көмек көлемі) шеңберіндегі тегін көмек тек қана Алматы қаласында тіркелген тұрғындарға көрсетіледі. Алматы облысының тұрғындары тегін медициналық көмек үшін Талғар қаласы, Асан Қайғы көшесі, 45 үйде орналасқан ШЖҚ МКК «Алматы облыстық медико-әлеуметтік оңалту және психотерапия орталығына» бару керек.
8 сұрақ: Ішімдіктен өз еркімен емделуге көрсетілетін медициналық көмектен бас тартқан адамды қалай емдеуге болады?
Жауап: Мұндай жағдайда туысыңызды мәжбүрлеп емдеу туралы АІІБ-не арыз жазуыңыз қажет, учаскелік инспектор тұрғылықты жері бойынша наркологиялық мекемеге мәжбүрлеп емдеуге рәсімдеу жөнінде шаралар қабылдап тегін түрде пациентті наркологиялық мекемеге жеткізеді.
9 сұрақ: Кәмелеттік жасқа толмағандарды өздерінің келісімінсіз наркологияда ұстауға бола ма?
Жауап: Жасөспірімдерге медициналық көмек, оның ішінде медициналық куәландыру жасөспірімнің өміріне қауіп тудыратын жағдайлардан басқа кезде міндетті түрде ата-анасының немесе кәмелеттік жасқа толмағандар жөніндегі инспектордың қатысуымен жүргізіледі.
10 сұрақ: Сіздерден психиатрдың ақылы кеңесін алуға бола ма?
Жауап: Халыққа психиатриялық көмек кепілдендірілген тегін медициналық көмек көлемінің шеңберінде тұрғылықты жері бойынша, қажет болған жағдайда орналасқан жері бойынша көрсетіледі. Ақылы медициналық көмек, сонымен бірге жеке өтініш бойынша кеңес бекітілген бағалар прейскурантына және ішкі нормативтік құжаттарға сәйкес беріледі.
11 сұрақ: Сараптама кабинетінің жұмыс тәртібі?
Жауап: Тәулік бойы.
12 сұрақ: Қабылдау бөлімінің жұмыс тәртібі, байланыс телефондары?
Жауап: Тәулік бойы
Тел. 382-36-21 –наркологиялық қызмет, Мақатаев көшесі, 10 үй
Тел. 229-11-06, 229-12-44 - психиатриялық қызмет, Ә.Кекілбайұлы көшесі, 117а үй.
13 сұрақ: Психикалық сауықтыру орталығының басшыларының телефондары?
Жауап:
Директор |
Рахменшеев Сапар Құттыбайұлы |
Директордың психикалық қызметтің медицина жөніндегі орынбасары |
Жолдыбаева Жанна Сағатқызы |
Директордың медициналық қызметтің сапасын бақылау және пациенттерге қолдау көрсету жөніндегі орынбасары |
Сабирғалиева Жанна Рафхатқызы |
Директордың наркологиялық қызметтің медицина жөніндегі орынбасары |
Абдыбаева Гүлмира Оспанбайқызы |
Директордың оңалту жөніндегі орынбасары |
Татиева Роза Жексембайқызы |
Наркология бойынша сұрақтар
- 1.Еліміздегі психикалық денсаулық орталықтарының саны қанша және олар қайда орналасқан? Олардың саны жеткілікті ме? Сыйымдылығы қандай?
Қазақстанда психикалық белсенді заттарға (ПБЗ) тәуелділігі бар науқастарға 14 облыс орталығында және Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында қызмет ететін Психикалық денсаулық орталықтарында стационарлық деңгейде медициналық-әлеуметтік көмек көрсетіледі (барлығы 3782 төсек-орын). 2021 жылы 22 мыңға жуық науқас стационарлық емеуден өтсе, оның ішінде шамамен 3000 емделушінің есірткі құралдары мен психотроптық заттарға тәуелділігі болды.
Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығының филиалы (Павлодар қ.) жиырма жыл бойы ПБЗ-ға тәуелділігі бар адамдарға медициналық-әлеуметтік оңалтудың кешендік бағдарламасын көрсетіп келеді.
Медициналық-әлеуметтік оңалту медициналық және әлеуметтік іс-шаралардың кешендік, өзара байланысты жүйесін қамтиды, үш кезеңнен тұрады және физикалық тәуелділіктен арылуға, психикалық тәуелділікке бақылау орнатуға, биологиялық және әлеуметтік дағдыларды қалпына келтіруге, нашақорлыққа қайта ден қоюға төзімділікті қамтамасыз ететін тұлғалық қасиеттерді дамытуға бағытталған.
2021 жылы РПДҒПО филиалында 793 науқас, оның ішінде есірткіге тәуелділігі бар 521 адам емдеуден өтті.
- 2.Еліміздегі есірткі заттарына тәуелді азаматтардың саны бойынша ресми статистика қандай?
Ресми статистикалық деректерге сәйкес, ресми наркологиялық есепте тұратын, есірткі құралдары мен психотроптық заттарды пайдаланудан туындаған психикалық және мінез-құлық бұзылулары бар адамдардың саны 2021 жылы 18693 адамды (100 мың халыққа шаққанда алдын ала 98,5), 2020 жылы 20259 адамды(100 мың халыққа шаққанда 107,3) құрады.
1-кесте. Психикалық белсенді заттарды (ПБЗ) пайдалану салдарынан динамикалық бақылауда тұратын психикалық және мінез-құлық бұзылулары және құмар ойындарына патологиялық әуестігі бар адамдардың саны:
Диагноз |
2017 |
2018 |
2019 |
2020 |
2021 |
Маскүнемдік |
110798 |
102478 |
99487 |
94413 |
91725 |
Нашақорлық |
24883 |
22748 |
22003 |
20259 |
18693 |
Ойынға тәуелділік |
10 |
12 |
13 |
13 |
9 |
- 3.Кім көбірек: ер адамдар ма, әйелдер ме? Олардың жасы қандай?
Ерлердің әйелдерге қатынасы 1:11 құрады. Негізгі жас 35-45 жасқа тура келеді.
- 4.Қазақстан Республикасында жасөспірімдер арасындағы нашақорлық мәселесі қалай?
Ресми статистикалық деректерге сәйкес,соңғы бес жыл ішінде есірткі құралдары мен психотроптық заттарды пайдаланудан туындаған психикалық және мінез-құлық бұзылуларына байланысты динамикалық бақылауда тұрған кәмелетке толмағандар санының 2016 жылғы 159-дан (100 мың халыққа шаққанда 2,8) 2020 жылы 80 адамға (100 мың халыққа шаққанда 1,2) дейін төмендеуі байқалады.
ҚР-да 2017-2018 жылдары жүргізілген Қазақстан Республикасының жастары арасында есірткі пайдалану бойынша ұлттық зерттеудің мақсаты ПБЗ пайдаланудың клиникалық, әлеуметтік-эпидемиологиялық предикторларын және 13-18 жас тобында ПБЗ тұтынудың таралуын анықтау болды, зерттеу сауалнамадан өткендердің 1,6%-да ПБЗ-ға тәуелділік (алкоголь мен темекіден басқа) анықталғанын көрсетті.
- 5.Нашақорлардың орташа жасы қандай? Адам жасы тұтынатын есірткі түріне (синтетика, табиғи текті) байланысты ма?
Ресми наркологиялық есепте тұратын, есірткі құралдары мен психотроптық заттарды пайдаланудан туындаған психикалық, мінез-құлық бұзылулары бар адамдар арасында негізгі жас 40-45 жасқа тура келеді. Бұл топты негізінен апиындарға тәуелді адамдар құрайды.
Синтетикалық есірткілерге («спайстар», «тұздар») тәуелді адамдар арасында негізгі жас 30-35 жасқа; ұшқыш ерітінділерге тәуелді адамдар арасында негізгі жас 20-25 жасқа тура келеді.
- 6.Нашақорлықтан зардап шегетін науқастар қалай толық сауығады?
Нашақорлық – айқын білінетін медициналық-әлеуметтік салдарымен сипатталатын созылмалы ауру. Қазіргі заманғы наркологияда емдеу табыстылығының ең жиі көрсеткіші берік ремиссия, ПБЗ тұтынудан тежелу болып табылады.
Ресми статистикалық деректерге сәйкес, 2020 жылы Қазақстан Республикасында ұзақ мерзімдік ремиссияға байланысты емделушілердің 14,8%-ы наркологиялық есептен алынды. Медициналық-әлеуметтік оңалтудың толық курсынан өткен пациенттер арасында бұл көрсеткіш 28%-ға дейін артады.
- 7.Денсаулық сақтау саласының қай заңдарында «лудомания» термині кездеседі?
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында денсаулықпен байланысты аурулар мен мәселелердің оныншы қайта қаралымдағы Халықаралық статистикалық жіктеуіші қолданылуда (АХЖ-10). Лудомания (ойын құмарлық, ойынға тәуелділік, гэмблинг тәуелділік) – құмар ойындарына патологиялық құштарлық психикалық, мінез-құлық бұзылулары, дағдылар мен әуестік бұзылулары айдарында (F 63.0 шифрі) жіктелінеді.
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (31.03.2021-ғы өзгерістермен және толықтырулармен) 20-бөлімі 1-параграфымен психикалық, мінез-құлық бұзылулары (аурулары) бар адамдарға психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсету мәселелері реттелінеді. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 29 қыркүйектегі № 761 бұйрығымен бекітілген стационарлық көмек көрсетуді ұйымдастыру қағидаларында құмар ойындарына патологиялық құштарлық тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде емдеуге жатады.
- 8.Мас болу дәрежесін (жеңіл, орташа, ауыр) анықтау үшін қандағы алкогольдің/психикалық белсенді заттың сандық құрамының қатынасы (промиллемен) қандай нормативтік-құқықтық актімен реттелінген?
Қандағы алкоголь концентрациясын промилледе бағалау – шамамен алынған көрсеткіш. Қандағы алкогольдің сандық құрамының стандартты қатынасы және куәландырылушы адамның клиникалық күйін бағалау тек бағдарлы сипатқа ие, әр түрлі көздерде промилле мен мас болу дәрежесінің қатынасы әр түрлі (мысалы, Ресейде 2013 жылдан бастап мас болу күйі дем шығаратын ауаның литріне спирттің 0,16 миллиграммынан бастап анықталады (қандағы 0,3 промилле), АҚШ нормативтік қалыптарында алкогольдің әрекет ету әсерлері 0.2-0.29 ‰ басталады (FlightPhysical.comсайты). Сондай-ақ, ересектердің мас болу дәрежесін бағалауда қолданылатын қандағы алкоголь құрамының сандары балалар мен жасөспірімдерге қатысты қолданылмайды. Сондықтан, медициналық қызметкерлердің қорытындысының негізі психикалық және соматоневрологиялық күйді кешенді бағалау түріндегі клиникалық тексеру деректері болып қала береді.
Дәрігер (медициналық қызметкер) өз тәжірибесінде маскүнемдік сараптамасы мәселелері жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды пайдалана алады (Н.Б. Ережепов, А.А. Құсайынов, М.В. Прилуцкая-Cущенко, 2011), онда дем шығаратын ауада және қанда алкоголь буларының құрамы сәйкес келеді және қан мен ауа тығыздығының қатынасын ескере отырып, қан бойынша промилледе (‰) жуықтап айқындалған деп көрсетілген.
- 9.Тірі адамдар мен қайтыс болғандардың мас болу дәрежесі қалай анықталады? Қандағы алкоголь/психикалық белсенді заттың құрамы мен мас болудың, мінез-құлықтың сыртқы белгілеріне қатысты мас болу дәрежесін анықтау кезінде медициналық қызметкер/сот-медициналық сарапшы нені басшылыққа алады?
Жоғарыда көрсетіліп өткендей, қорытындыда тірі адамдардың мас болу дәрежесін белгілеу үшін алкоголь/психикалық белсенді заттың мөлшері (құрамы) емес, мас болудың клиникалық симптомдарының айқындылығы айқындаушы болып табылады. Сондықтан, медициналық қызметкер психикалық және соматоневрологиялық күйді кешенді бағалау түріндегі клиникалық тексерудің деректерін басшылыққа алады.
Сот-медициналық сараптамасы мен диагностикалау мәселелері ҚР Әділет министрлігінің Сот сараптамалары орталығының құзыретіне жатады.
- 10.Қаннан алкоголь табылғанкездеадаммас емесдептанылуымүмкінбе (0,3-0,5 промилле)?
0,5‰ мөлшеріндеағзада кездесетін алкоголь орталық жүйке жүйесіне барынша аз әсер етеді. Бұл жағдайда жоғары ықтималдылықпен субклиникалық фаза (симптомдар пайда болғанғадейінгі кезең) анықталады және «алкогольді тұтыну фактісі, алкогольді мас болу белгілері анықталмады» деген қорытынды шығарылады. Алайда, алкогольдің шекті жол берілетін мөлшері әр түрлі және адам ағзасының жеке ерекшеліктеріне тікелей байланысты болады.
- Подробности
- Просмотров: 815
Подкатегории
Объявления

БЛОГ ДИРЕКТОРА
Рахменшеев Сапар
Сегодня 41
Вчера 103
За неделю 144
За месяц 2310
За все время 3400128