
Бүгін Халықаралық нашақорлыққа және есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес күні. 1987 жылы БҰҰ Бас ассамблеясы есірткісіз қоғам құруды көздейтін шешімін бекітті. Халықаралық ұйымның мақсаты әлем назарын нашақорлықтың проблемаларына, оның зияны туралы ақпаратқа жұртшылық назарын аударып, мемлекеттік мекемелерді есірткі заттарының таралуына тосқауыл қою үшін күш-жігерін біріктіру.
Алматы қалалық психикалық сауықтыру орталығында нашақорлықты емдеу кешенді түрде жүзеге асырылады және медициналық көмек, психологиялық кеңес беру, оңалту және пациенттердің әлеуметтік ортаға бейімделуін қамтамасыз етеді. Орталық мамандары көмекке дер кезінде жүгіну есірткі заттарына тәуелділіктің алдын -алуға мүмкіндік береді дейді.
Биыл бес айда есірткіге тәуелді 300-ден астам тұрғын стационарлық жағдайда емделді.
Сондай-ақ, Орталық нашақорлыққа және есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес күні қарсаңында әртүрлі іс-шараны белсенді ұйымдастырды. Медеу ауданы әкімдігі , » Наркостоп » жобасы және орталық мамандары бірлесіп » Есірткісіз өмір » флешмобын өткізді. Бұл шара аясында орталықтың тәжірибелі психологтары мен наркологтары тегін кеңес берді. Сонымен бірге қала тұрғындары мен қонақтары үшін ашық есік күнін ұйымдастырды.
Ауқымды шараның нәтижесі бар. Алып шаһарда есірткі заттарына тәуелді адамдардың саны 2 % төмендеген. Қазіргі таңда 1148 адам динамикалық бақылауда тұр.
Елімізде Орталықтың нашақорлықтың алдын -алу шараларын белсенді жүргізуі, ведомствоаралық өзара іс-қимылдың күшеюі және тұрғындардың мамандар көмегіне жүгінуінің жиілеуі осы қарқынды күрестің нәтижесі дейді психологтар.
Сонымен бірге 2023 жылы үкімет нашақорлық және есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі кешенді жоспар бекітті. Орталық психологтары білім мекемелерінде есірткінің зияны мен зардаптары туралы үздіксіз түсіндіру, ақпараттандыру жұмыстарын жүргізді. Осы жоспар шеңберінде құқық қорғау қызметкерлері тонналаған есірткіні тәркілеп, синтетикалық белсенді заттардың зертханалары жойылды.
Есірткіні тұтыну адамның денсаулығына, психикасына және әлеуметтік жағдайына зияны орасан зор. Өмір сапасының құлдырауы, отбасының бұзылуына, мезгілсіз ажал құшуы мүмкін. Алматы қалалық психикалық сауықтыру орталығының ұжымы есірткісіз өмірді таңдауға, салауатты өмір салтын қалыптастыруға шақырады. Өйткені әр адам денсаулығына жауапкершілікті нығайту қауіпсіз болашақ пен бақытты өмірдің кепілі екенін түсіну керек.


