
Алматы қалалық психикалық сауықтыру орталығының психосоматикалық бөлімінің тәжірибелі психиатрларының көмегіне жүгінуге кеңес береміз. Қала тұрғындары тегін емделеді және емделуші жайлы ақпаратты құпия сақтауға кепілдік береміз.
Құрметті оқырмандар, бөлім меңгерушілерімен сұхбаттасамыз және әр бөлімнің тіршілігі , емдеу жайлы бейнебаяндар сериясын жариялаймыз.
Бүгін Алматы қалалық психикалық сауықтыру орталығының №7 психосоматикалық бұзылулар бөліміне саяхаттаймыз. Бөлім меңгерушісі Татьяна Приходьконың айтуынша күнделікті тіршіліктен шаршаған, ұйқысыз түндер қажытқан тұрғындар шипа ем іздеп келеді. Мұнда ақылы қызмет бар.
Емделушілердің психикалық денсаулығы оңалып, отбасына және әлеуметтік ортаға оралуына аянбай еңбек етіп жүрген дәрігерлер, мейірбикелер, санитарлардың бір күні қалай өтеді? Қиыншылық , қауіп-қатерге қарамастан өз кәсібіне адал денсаулық сақшыларына әрқашан қажымас қайрат тілейміз.


