Қызметке құрмет: халық денсаулығын жақсарту жолындағы марапаттар - Алматы психикалық денсаулық орталығы
Қызметке құрмет: халық денсаулығын жақсарту жолындағы марапаттар

Психикалық денсаулық саласында қызмет ету — ерекше төзімділікті, терең эмпатияны, үлкен жүректі талап етеді. Бүгін еңбегі еленіп, халықтың денсаулығын нығайту, өмірін сақтау миссиясын арқалаған қызметкерлерге ерекше құрмет көрсетіліп, орталықтың директоры Чингиз Сеилбеков мамандарға мақтау қағаздарын , алғыс хаттарды, бір шоқ гүл табыстады.

Сонымен ҚР Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарованың мақтау қағазын Махамбетова Алима , ал балалар психиатры Макенова Әлия Алматы қаласы әкімінің орынбасары Нұрлан Әбдірахымның «Алғыс хатын» алды. Тазалықшылар Оспанова Мөлдір, Бекен Ахметова және баспасөз хатшысы Бегалы Жазира Алматы қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Пашимов Мараттың «Алғыс хатымен» марапатталды.

Тән жарасын ғана емес, жан жарасын емдеп, ел-жұрттың саулығының сақшылары медициналық көмекке жүгінген тұрғындардан ешқашан көмегін аямайды. Алматы қалалық психикалық сауықтыру орталығының кәсіби мамандары шипа іздеп келген науқастарға үздіксіз медициналық көмек, психологиялық қолдау көрсетеді.

Бүгінгі марапат иелеріне сарқылмас қуат, кәсіби табыс және сауығып шыққан пациенттің алғысы сіздерге жаңа серпін берсін! Еңбектеріңіз жана берсін!

Қызметке құрмет: халық денсаулығын жақсарту жолындағы марапаттар