
Қазақстанда маусымның әр үшінші жексенбісі медицина қызметкерлерінің күні. Осы атаулы мереке қарсаңында Алматы қалалық психикалық сауықтыру орталығының бөлім меңгерушілерімен сұхбаттасамыз және әр бөлімнің тіршілігі , емдеу шаралары жайлы бейнебаяндар сериясын жариялаймыз.
Ел арасында Психикалық сауықтыру орталықтары туралы миф өте көп.
Соның ақиқат қандай? Бүгін орталықтың әйелдер бөлімшесіне саяхатты бастаймыз . Орталықтың №2 жалпы психиатриялық әйелдер бөлімінің меңгерушісі Үміт Бастасованың сұхбатын бірге тыңдауға шақырамын..
Мифті сейілтіп, шындықты бірге көрейік.


