Құрметті медицина қызметкерлері! Сіздерді кәсіби мерекемен шын жүректен құттықтаймын! - Алматы психикалық денсаулық орталығы
Құрметті медицина қызметкерлері!  Сіздерді кәсіби мерекемен шын жүректен құттықтаймын!

Құрметті медицина қызметкерлері! Сіздерді кәсіби мерекемен шын жүректен құттықтаймын!

Елімізде маусым айының үшінші жексенбісі медицина қызметкері күні.
Алматы қалалық психикалық сауықтыру орталығына күнде қаншама тұрғын шипа іздеп келеді. Денсаулық сақшысы болу жүгі ауыр , жауапкершілігі мол ардақты мамандық.
Тәулік бойы халықтың денсаулығын сақтау және нығайту мақсатында ерен еңбектеріңізбен кәсіби міндетке деген адалдықтың жарқын үлгісін көрсетіп жүрсіздер. Дертіне дауа іздеген жандарға медициналық көмекпен бірге жүректен мейірім шуағын шашып жүрген дәрігерлер, мейірбикелер, санитарлардың ізгі істері әрқашан құрметке лайықты.

Мемлекет басшысы Қасым- Жомарт Тоқаев медицина қызметкерлеріне жан-жақты қолдау білдіріп, денсаулық сақтау саласын дамыту мемлекеттің басты саясатының бірі екенін атап өтті.
Құрметті әріптестер, сіздерді бүгінгі кәсіби мерекемен құттықтап, баршаңызға мықты денсаулық , толағай табыс, бақ-береке тілеймін!

Құрметті медицина қызметкерлері! Сіздерді кәсіби мерекемен шын жүректен құттықтаймын!