Лудомания (ойын құмарлық, гэмблинг).
Лудомания, немесе ойын құмарлық, гэмблинг лат.тілінен Homo ludens – ойнаушы адам) – « субъекттің өмірінде басым роль ойнайтын, әлеуметтік, кәсіби, материалдық және отбасылық құндылықтардың төмендеуіне әкелетін патологиялық ойын құмарлық». Аурулардың халықаралық классификациясы бойынша лудомания аурулар тізіміне енгізілді.
Кейінгі кезде казино, ақшалай ойын автоматтары таралуына байланысты құмар ойындар мәселесі өзекті мәселеге айналуда. Олардың барлығы әсем ресімделген, бұл қысқа уақыт ішінде жеңіл ұтыс мүмкіндігінің суггестивті әсері күшеюіне мүмкіндік туғызады.
Ойын автоматтары дүниежүзінде бұрыннан кең таралған. Осылай, XX ғасырдың 1970 жылдарында Англияда ойын автоматтары залы халық арасына жайылғандығына байланысты, кинотеатрларға, тіпті оларды жабу қажеттілігі туындауымен, адам баруы күрт азайды. АҚШ-та, Р. Фольберг (Volberg, 1996) мәліметтері бойынша, «проблемалық гемблерлер» саны халықтың 5% жетеді. Басқа зерттеушілердің мәліметтері (Ladouceur et al., 1999) бойынша, 1990 жылдардың бірінші жартысында Канадада проблемалық гемблерлер саны 75 % артық өскендігі байқалады. Осыған байланысты көптеген шетелдік зерттеушілер құмар ойындарды халықтың бір бөлігі үшін қауіп-қатер төндіретін түйінді әлеуметтік мәселе деп санайды. Ойын барысында эмоционалды босаңсу, жағымсыз проблемалардан алдану, пайда болады, және ойын ұнамды уақыт өткізу ретінде қарастырылуы проблеманы шиеленістіреді. Сонымен қатар, ойынға қатысушылар, салыстырмалы түрде алкоголь және басқа психобелсенді заттектерді тұтынады, демек, аддиктивті мінез-құлықтың комбинирленген формалары қосылады, бұл деген қауіпті. Компьютерлік ойындар мен қор және валюта нарығында жалдаптық сауданы, әсіресе осындай сауданың Ғаламтор арқылы қол жетімдігіне байланысты, құмар ойынға теңейді.
«Ойыншылар» үшін жеке тұлғаралық қатынастар қиындығы, жиі ажырасулар, еңбек тәртібін бұзу, жұмыс орнын жиі ауыстыру әдеттегі оқиға. Осы механизм негізінде бірте бірте тартылу пайда болып және тәуелділік түзіледі. Осымен бірге гемблинг аддикция ма не болмаса обсессивті-компульсивтік бұзылушылықтың бір формасы ма деген даулар басылмауда.
Лудоманияның қалыптасу себептері
Лудомания қалыптасуының негізгі себептері болып:
• жалғыздық сезімі. Жалғыздық сезімі адамды алғашқы рет ойнауға итереді, ойын процесінде алынған әсер мен түйсіну адамды қайталап ойнауға мәжбүр етеді.
• қанағаттанбаушылық сезімі. Қанағаттанбаушылық сезімі адамды өзін ойында көрсетуге мәжбүр етеді. Шынайы өмірде өзіне өзі наразы болып, шынайы өмірге қарағанда, ойында жеңіске қол жеткізу жеңіл болғандықтан, адам өзін ойында көрсеткісі келеді. Және ойындағы жетістіктері неғұрлым мол болса, соғұрлым ол осы ойынға қайта қайта оралғысы келеді.
• оңай олжа сезімі. Бір рет ұтып, жеңіл түскен ақшаны қолға ұстағаннан пайда болған адреналинді сезінген адам, осы жетістігін қайталағысы келеді, алайда көбіне ұту мүмкін емес.
• әрқилы тәуелділіктерге тез ергіштік. Басқа да құмарлықтарға, мысалға, есірткі/ алкогольге душар адамдар үшін, ойынға құмарлық қауіпті.
• айқындалу дәрежесі әрқилы психикалық бұзылыстар. Психикалық бұзылыстардан емделген адамдар, сондай-ақ ойынға құмарлыққа да ұшырағыш болады.
Ойынға құмарлық белгілері.
Аддиктивті мінездің бір түрі ретінде құмар ойындардың сипатты белгілері бар ( Ц. П. Короленко және Т. А. Донских бойынша, 1990):
• ойынға үнемі елігу, ойын оқиғасында өткізетін уақыттың ұзаруы.
• қызығушылықтар шеңбері өзгеруі, алдыңғы уәждемелерінің ығысуы, ойын туралы әрдайым ойлау, ойын комбинацияларымен байланысты оқиғаларды елестету және осы ойдың басым болуы;
• «бақылауды жоғалту» ауқымды ұтыстан кейін, сондай ақ үнемі ұтылудан кейін де ойынды тоқтата алмау;
• Ойынға кезекті қатысқаннан кейін салыстырмалы қысқа уақыт аралығында дамитын психологиялық дискомфорт, ашулану, беймазалық, қиын жеңілетін ойнауға кірісуге ынтығу. Мұндай күйлер белгілер қатары бойынша есірткі/алкогольге душар тұлғалардың бас ауруы, ұйқының бұзылуы, алаңдаушылық, төмен көңіл-күй, естің бұзылуымен бірге жүретін абстиненциясына ұқсайды;
• ойынға жиі қатысудың біртіндеп өсуі тән;
• қызықтыруға қарсыласу қабілеттілігі тез төмендеу. Ойнамауға бел буғанмен, сәл провокация болса (бұрыңғы таныстарын кездестіру, ойын тақырыбында әңгімелесу, ойын мекемесі жанында болу т.б.) гемблинг қайта басталады.
Лудоманияның даму сатылары
Лудомания дамуының 3 сатысы белгілі (Custer, 1984):
1. ұтыс сатысы – әлеуметтік гемблинг,
2. ұтылу сатысы – қарқынды гемблинг,
3. түңілу сатысы – проблемалы гемблинг.
Ұтыс сатысы келесі белгілермен сипатталады: кездейсоқ ойын, жиі ұтыстар, елестету ойынға ілеседі және алдында жүреді, ойын ойнаудың жиіленетін оқиғалары, более частые случаи игры, ұтыс өлшемінің үлкеюі, ойын жөнінде қиялдау, өте ірі ұтыс, себепсіз оптимизм.
Ұтылу сатысы: жалғыз ойнау, ұтыспен мақтану, тек ойын туралы ойлау, ұтылу эпизодтарының ұзаруы, ойынды тоқтатуға қабілетсіз болу, жолдастарынан проблеманы жасыру, өтірік айту, отбасы мен жұбайының қамын ойламау, ойын пайдасына жұмыс уақытын қысқарту, қарызын төлеуден бас тарту, тұлғаның өзгеруі— ашушаңдық, тез шаршау, араласпаушылық, үйдегі ауыр эмоционалдық ахуал, ойын үшін қарыздану, заңды және заңсыз тәсілмен жасалған өте көп мөлшердегі қарыз, қарызды төлей алмау, ойнауды тоқтатам деген жанкешті талпыну.
Түңілу сатысы белгілері: кәсіби және жеке абыройынан айырылу, ойынға жұмсалатын уақыттың айтарлықтай ұзаруы, ұтысқа тігілетін сома мөлшерінің үлкеюі, отбасы мен достарынан алыстау, ар-ұяты мазалау, басқаларға деген жеккөру сезімі, өкіну, үрейлену, заңсыз әрекеттер, сенімсіздік, суицидалды ой мен талпыныстар, ажырасу, қамау, алкогольді шамадан тыс тұтыну, эмоционалды бұзылу.
Ойлау қателіктері- гемблерлердің иррационалды мақсаттары
Гемблерлердің иррационалды мақсаттарын қалыптастыратын «ойлау қателіктері» деп аталатын қателіктерін бөледі. Өз тәуелділігіне жалпы оң көзқарасқа себепкер болатын-стратегиялық, және «ойын трансы» механизмін жіберетін және қолдайтын -тактикалық ойлау қателіктері болады.
Ойлаудың стратегиялық қателіктеріне келесі ішкі сенімдер жатады:
• ақша бәрін шешеді, соның ішінде эмоция және адамдармен қарым-қатынас проблемаларын,
• осы күнге деген сенімсіздік және ұтыс салдарына табысқа жетуді күту, сәтті ойынмен өмір сәтсіздіктерін жою мүмкіндігі,
• өз тағдырын бақылау жөніндегі қиялды ұту туралы фантазиялардың орын басуы.
Ойлаудың тактикалық қателіктеріне жатады:
• ұтысты- сәтті- күнге сену.
• ойында міндетті түрде өзгерісті кезең туатындығына мақсат ету.
• қарызды тек ойын көмегімен, қайтарып ұтып алу арқылы ғана қайтаруға болады деген көзқарас.
• өзіне өзі ешқашан ойнамауға сөз бергенде тек соңғы ойын эпизодымен эмоционалды байланыс.
• ақшаның жартысына ғана ойнай алатындығына сену.
• ойын кезінде ақшаны фишка немесе дисплейдегі сан ретінде қабылдау.
• ұтысқа тігілген ақшаны мәміле ретінде түсіну.
Гемблингтің еркектер мен әйелдер арасында таралуы
Құмар ойынға шамадан тыс әуесқойлық ер адамдарда жиірек кездескенмен, әйелдерде бұл аддикция одан ауыр формада қалыптасады. Әйелдер қауіпті құштарлыққа 3 есе тез бейімделеді және психотерапияға берілуі қиынырақ. Ер адамдарға қарағанда, әйелдер құмар ойынға есейген шағында және басқа себептермен душар болады. Ең жиі тараған себеп- жеке басындағы проблемалардан ойынға кетуге тырысу.
Әсіресе 21-ден 55 жасқадейінгі жас аралықта орын алады, және 1-4 % жағдайда психиатр көмегі қажет болады. Әрбір үшінші патологиялық ойыншы-әйел. Әйелдер мен еркектер арасындағы жыныстық айырмашылығы, гемблинге шалдығуға әйелдердің депрессиялық бұзылушылығы, еркектерде алкоголизм себепкер болуы жатады (Tavares et al., 2003).
Ойын циклы
Ойын құмар-пациенттердің мінез-құлқында «ойын циклын» құрайтын фазаларды айқындайды (В.В.Зайцев, А.Ф.Шайдулина, 2003):
• Тежелу фазасы - ойыннан ақшаның жоқтығы, микросоциум қысым, кезекті ойын сәтсіздігінен пайда болған жабырқаңқы көңіл-күйде болуымен сипатталады.
• «Автоматтық қиял» фазасы кезінде ойын туралы спонтанды қиял жиілейді. Гемблер ұтылып қалу эпизодтарын ығыстырып, ұтудан дәмелену мен құмарлық күйін елестетеді. Қиял спонтанды немесе жанама стимул әсерінен пайда болады.
• Эмоционалды күшеюдің өсу фазасы. Жеке басының ерекшеліктеріне байланысты жабырқау-түңілу көңіл-күйі, немесе үрей, ашулылық байқалады. Кейде осы көңіл ойын туралы қиялдың күшеюімен ілеседі. Бір қатар жайда емделуші оны мазмұнсыз ойыннан басқа жаққа бағытталған және жеңсікқұмарлықтың жоғарылауы, интеллектуалды жүктемелермен алмастырылады.
• Ойнау жөнінде шешім қабылдау фазасы. Шешім екі жолмен келеді. Біріншісі, емделуші қиял әсерінен «телеграфтық стильде» өз ықыласын жүзеге асыру тәсілін жоспарлайды. Бұл гемблердің ойынша ойын мінезінің «ықтимал ұтыс» нұсқасы, және аурудың бірінші сатысының екінші сатыға ауысуы. Екінші нұсқа- ойын эпизодынан кейін бірден ойнау туралы шешім қабылдау. Оның негізінде қайтарып ұтып алу иррационалды сенім жатады. Бұл механизм аурудың екінші және үшінші сатысына тән.
• Қабылданған шешімді ығыстыру фазасы. Науқастың саналы ойнау ықыласы қарқындылығы төмендейді, және өз жүрісін «бақылау иллюзиясы» пайда болады. Бұл кезде гемблердің экономикалық және әлеуметтік статусы жақсаруы мүмкін. Осы шарттардың үйлесуі, қауіпті түсінбей, емделуші ойынға басұру жағдайларына келтіреді (қолдағы мол ақша, алкоголь ішу, демалу үшін ойнап көру талпынысы т.б.).
• Қабылданған шешімді жүзеге асыру фазасы. Бұл фазаға алда болатын ойын туралы қарқынды қиял және эмоционалды қозу тән. Гемблерлер бұл ахуалды көбіне «транс» , «зомбиға ұқсайсың» деп сипаттайды. Емделуші санасында конструктивті қарсыласу пайда болуына қарамастан, олар дереу жалған иррационалды ойлаумен шеттетіледі. Ойыншыда өзін бақылау туралы жалған түсінігі басым. Қолындағы бар ақша ұтылмай, ойын тоқтамайды. Содан кейін тежелу фазасы басталады да жаңа цикл басталады.
Лудоманиядан өз бетінше айығу неге қиын?
Қандай да болсын ойын рақаттануға әкеледі. Ойын барысындағы құмарлық, күші бойынша оргазммен салыстырылатын адреналиннің қарымды бөлінуі миды ширатады, осының салдарынан лудоманияға шалдыққан науқас үйреншікті рахатқа (достармен қатынасу, махаббат, секс) қызықпайтын болады және оның өмірінде тек ОЙЫН ғана қалады.
Ойынға құмар науқас (лудоманияға шалдыққан) өзі үзе алмайтын шеңбер ішінде жүреді. Сонымен бірге ол ойынға құмарлықтан емделу қажеттілігін түсінбеуі де мүмкін. Науқастың ойын қарсаңында пайда болатын өзгеше «сиқырлану» күйі немесе өзін-өзі гипноздау, транс күйінің маңызы зор. Бұл кезеңде ойын құмар науқас өзін және өз ықыласын билей алмайды. Біртіндеп ықылас, эмоция, жақындарға деген сүйіспеншілік кетеді және адам роботқа айналады.
Ойын құмарлықты емдеу
Лудоманияны емдеу қажеттілігі кемінде 3 себеппен шартталады:
• Лудоманияға шалдыққан науқастардың отбасы бұзылуы және қаржылық қиындықтар.
• Құқыққа қайшы әрекеттердің таралуы-лудоманияға шалдыққан науқастардың 60% құқық бұзады.
• Жоғары суицид қауіп-қатері – лудоманияға шалдыққан науқастардың 13- тен 40% -ға дейін науқас өзіне-өзі қол жұмсайды, 32-70% -да суицид жайлы ой келеді.
Емдеудің бірінші кезеңі– ойын құмарлықтың қалыптасу себептеріне диагностика, сонымен қатар ауыртпалықты бұзылушылықтарды, жеке алғанда, депрессияны жоққа шығару. Жасырын депрессия анықталған жағдайда оны дәрілік емдеу қажет.
Емдеудің екінші кезеңі (психотерапия) –психологиялық түзету, ол жеке және арнайы жаттықтыру топтарында жүргізіледі. Психологиялық көмек жақын-жуық адамдармен өзара қатынасу, өзін өзі реттеу мен қиыншылықтармен күресуге үйрету, жігер қасиеттерін тәрбиелеу, өзіне берілетін бағаны жоғарылату, жаңа өмірлік әуесқойлықтардың қалыптасуға бағытталған.
Лудомания (ойын құмарлық) кезінде психотерапия міндеті:
• науқастың «ойын трансы» күйінен шынайы өмірге қайтуы;
• ойын құмарлығына шалдыққан науқастың бастапқы өмірлік құндылықтарға оралуы (отбасы, махаббат, құрбы-құрдастар);
• ойынға құмар науқасты өзін билеуге (өз сезімі, ойын) ойнауға деген құмарлыққа қарсы тұруға үйрету.
Ойын құмарлығы отбасындағы қарым-қатынасқа әсер етеді, сондықтан емдеу кезінде ойынға құмар науқасты емдеумен бірге оның туысқандарына психотерапиялық көмек көрсетіледі.