Оқуға түсуге немесе жұмысқа тұруға 075/у нысанды медициналық анықтаманы қалай алуға болады.
075/у нысанды медициналық анықтама- бұл қызмет алушыға медициналық комиссия дәрігерлері берген кәсіби-клиникалық қорытынды. «EGOV»-тан берілген электрондық анықтамам ақпараттық жүйелерден үзінді көшірме болып табылады, ол 075/у нысанды медициналық қорытындыны алмастыра алмайды, сондықтан дәрігердің қорытындысы және динамикалық есепте тұрмайтындығы туралы анықтама тең құқылы құжаттар болып есептелмейді.
Оқуға түсу немесе жұмысқа тұру үшін мамандық немесе оқу бойынша міндеттерді орындауға жарамдылығын анықтау мақсатында ақылы негізде «Алдын –ала міндетті медициналық қарап-тексерулерден өткізу туралы» ҚР денсаулық сақтау министрінің м.а. 2020 жылғы 15 қазандағы №ҚР ДСМ-131/2020 бұйрыңының талаптарына сәйкес (№5 Қосымша 6т.). Осы бұйрықтың №1 Қосымшасы 16 тармағына сәйкес, оқуға түсетін тұлғалар міндетті медициналық қарап-тексерулерге жататын адамдардың нысаналы топтарына жатады. Сонымен қатар, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің тізбесіне және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмектің тізбесіне кірмейтін және (немесе) медициналық көрсетілімдерсіз, ақылы медициналық қызметтер тізбесіне кіреді. ( 2020 жылғы 07 шілдедегі №360-VI ҚРЗ ҚР «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодекстің 202 бабы; «Денсаулық сақтау субъектілерінің ақылы қызметтер көрсету қағидаларын және ақылы медициналық көрсетілетін қызметтер (көмек) ұсыну жөніндегі шарттың үлгілік нысанын бекіту туралы» ҚР Денсаулық сақтау министрінің 29 қазан 2020 жылғы №ҚР ДСМ-170/2020 жылғы бұйрығының 2 тарауы, т.6 ).
075/у нысаны, барлық медициналық талдаулар жасалғанын, есірткі сынағын және психосынағын тапсырғанын және мамандардан тексерулерден өткенін растайды.
Медициналық анықтаманың бланкісінде қорытынды, барлық дәрігерлердің, психиатр мен наркологтың қолдары болуы тиіс. Негіз: Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау министрінің м.а. 2020 жылғы №ҚР ДСМ-175/2020 «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» бұйрығы.
Медициналық тексеруге мыналар кіреді, терапевт, психиатр (нарколог), сондай-ақ зертханалық, функционалдық зерттеулер (флюорография, сифлиске зерттеу, психобелсенді заттардың бар-жоғын сұйық биологиялық зерттеу). Ауру анықталған жағдайда медициналық қызметкерлер зерттелушіні тұрғылықты мекен-жайына қосымша тексеруге жолдайды.
Қызмет құнын есептеу қолданыстағы ҚР заңнамасына сәйкес құрылған (есірткіге сынау -3500 тг., флюорография, психиатр-наркологтың және терапевтің қабылдауы, психологиялық сынақ) қызмет алушының тексерілуіне кіретін мамандардың және зерттеулердің тариф құнына байланысты.
Сонымен қатар, өкінішке орай, қазіргі уақытта дәстүрлі емес синтетикалық есірткілерді қолданатын жасөспірімдер санының үздіксіз өсі тенденциясы байқалады, мүмкін, ол әлеуметтік формаларға байланысты, сондықтан есірткіге сынақ жасау ертерек анықтауға және есірткі мен психотроптық заттарды қолданудың алдын алуға бағытталған. Жасөспірімдерге есірткіге сынақ заңнаманың талаптарына сәйкес, заңды өкілдеріне хабарланып жазбаша түрде келі- сіммен жасалады.
Ақылы мемлекеттік және медициналық қызмет көрсетудің бағалар прейскуранты біздің сайтта cpzalmaty.kz тел. 8(727) 376 54 40
Алматы қаласыҚДБ
ШЖҚ «Психикалық сауықтыру орталығы»
КМК директорының 2022жылғы «30»
желтоқсандағы №372 бұйрығымен
БЕКІТІЛГЕН
37. |
№075/у (оқу орнына түсуге, жұмысқа тұруға) анықтама-нысанын алуға медициналық тексеру |
қызмет көрсету |
9 500 |
соның ішінде: |
|||
37.1 |
Дәрігер-терапевтің қабылдауы |
қызмет көрсету |
700 |
37.2 |
Дәрігер-психиатрдың (наркологтың) қабылдауы |
қызмет көрсету |
2 000 |
37.3 |
Несептегі есірткі және психотроптық заттарды сапалы анықтау жөнінде қызмет көрсету |
анализ |
3 500 |
37.4 |
Психологиялық тест тапсыру |
қызмет көрсету |
600 |
37.5 |
Кеуде клеткасының флюорографиясы |
тексеру |
2 200 |
37.6 |
Микрореакцияға қанның анализі |
анализ |
500 |