Ауруханамыздың ақылы бөлімі Алматы қаласының тұрғындарына келесі медициналық және мемлекеттік қызмет көрсетеді:
_ Көлік құралдарын басқару құқығына өтініш берген адамдарға медициналық қорытынды( 073/у анықтамасы)
- Қару ұстау бойынша рұқсат алуға өтініш берген адамдарға медициналық қорытынды ( 076/у анықтамасы)
- Әр түрлі оқу орындарына, жұмысқа орналасу үшін медициналық қорытынды ( 075/у анықтамасы)
- Аудандық емханада жергілікті тіркелген орны бойынша медициналық- әлеуметтік сараптама өткен адамдарға берілетін психиатр дәрігердің қорытындысы
- Нотариалды мәміле жасағысы келетін азаматтардың жеке өтініші бойынша Ресей Федерациясының Консулдығына, көші-қон қызметіне тұруға рұқсат алудан бұрын ұсыну үшін психиатриялық тексеру
- Азаматтардың сұраныс орындарына қажетті жеке өтініші бойынша психиатриялық тексеру;
- Психикалық белсенді және есірткі заттарды, алкогольді қолданумен байланысты психикалық бұзылыстарды амбулаториялық және стационарлық емдеу қызметтері
-Компьютерлік өңдеумен электроэнцефалография, невропатологпен кеңесу
-Электрокардиограмма(ЭКГ)
Қызметкерлердің жұмыс кестесі стандартқа сәйкес көрсетілетін қызмет берушінің белгіленген жұмыс кестесіне сай, демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден жұмаға дейін құрылады. Қолма-қол ақшаны кассада қабылдаған кезде қызметті алушыға міндетті түрде фискалды қолхат беріледі. Баға прейскуранты заңнамаға сәйкес жасалады.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі туралы ақпарат (заңдар, стандарттар, регламенттер, тізілім, инфографика және басқа да нормативтік құқықтық актілер), сондай-ақ баға прейскуранттары халыққа қызмет көрсету орындарында ақпараттық стендте және мекеменің web-сайтында қолжетімді түрде орналасқан.
Мекеме басшыларымен мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапты адамдар бойынша бұйрық шығарылған. Мемлекеттік қызмет көрсететін қызметкерлер РПН порталына және "Диспансерлік аурулардың электрондық тіркеуі " ақпараттық жүйесінің "Психикалық ауруларды тіркеу" ішкі жүйесіне кіруге рұқсат етілген.
Тұрғындар үшін өз шағымдары мен талаптарын білдіруге мүмкіндік беру үшін бекітілген кестеге сәйкес жұмыс істейтін жауапты қызметкерлер тағайындалған мекемеде тәулік бойы «сенім телефоны» жұмыс істейді. Сонымен қатар, олар мемлекеттік қызметтерді алу кезінде азаматтарға консультациялық және ақпараттық қолдау көрсетеді. Тіркелу орнында шағымдар мен ұсыныстар кітабы және азаматтардың өтініштеріне арналған жәшік бар.
Заңдылық, ашықтық, объективтілік және сенімділік принциптеріне негізделген ішкі бақылау стандартқа сәйкес жүзеге асады. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша халықтың шағымы тіркелмеген.
қызмет алушыларға әлеуметтік сауалнамалар өткізіледі, соның негізінде жыл соңында мекеме басшылығы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалайды. Күтуге қолайлы жағдайлар жасалған: дәретхана, фуршет, жеткілікті орын саны, су бар. Мүмкіндігі шектеулі жандар үшін Орталықта ыңғайлы кіреберіс, мүгедектер арбасы және портативті пандус бар.
Мемлекеттік қызметтерді кеңінен тарату мақсатында халыққа тарату үшін буклеттер мен брошюралар шығарылды.
Ай сайынғы мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингі жүргізіледі, есеп беру туралы ақпарат Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау баскармасына беріледі.