Бүгін 17 мамыр күні, 7 мамыр – Қазақстан Республикасының Отан қорғаушылар күніне орай, «АМАНАТ» партиясы Бостандық аудандық филиалының «Комплекс» бастауыш партия ұйымы салауатты өмір салтын қолдау мақсатында, Психикалық сауықтыру орталығының ұйымдастыруымен футболдан жарыс өткізді. Аудан жарысының қатысушылары болып Психикалық сауықтыру орталығы, Педриатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы және №4, №7, №12 қалалық емханалар қатысты.
Турнирде Алматы қаласы Бостандық ауданы «Аманат» партия филиалының хатшысы Джамбулов Баймұрат Мұратханұлы мен Рахменшеев Сапар Құттыбайұлы қатысушы командаларға сәттілік тілеп турнирді ашты.
Қоғамда салауатты өмір салтын қалыптастырудың басым бағыттарының бірі – азаматтарды белсенді дене шынықтырумен және спортпен шұғылдануға тарту. Денсаулық сақтау ұйымдарының қызметкерлері спорттық шараларға белсенді қатысушылар болып табылады. Спорттық мерекелік шаралар командалардың бұрынғыдан да біртұтас және күшті болуына ықпалын тигізеді. Футболшылар үлкен құштарлықпен ойнап барлығы белсенділік көрсетті. Бұл ойында командалардың барлық ойыншылары ерекшеленіп ешқайсысы берілгісі келмеді. Финалда біздің Орталық ойыншыларына тең келер ешкім болмады. «ПСО» мен №4 ҚЕ мықты команда болып 0:0 есебімен жеңіске жетті. Ойын барысында қарсыластарымыз соққан голдар саны бойынша басымдық танытып, №4 ҚЕ алға шықты. Орталық екінші орынға иеленіп. №12 ҚЕ команда жеңімпаз болып үшінші сатысына ие болды. Белсенді қатысушы болып № 7ҚЕ мен Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы аталды.
Марапаттау рәсімінде барлық командаларға мақтау қағаздары, кубоктар және сыйлықтар берілді.
Салауатты өмір салтын қолдаймыз!
- Подробности
- Просмотров: 321