1 маусым халықаралық балаларды қорғау күніне, Алматы қаласында орналасқан Психикалық сауықтыру орталығында, балаларға арналған концерттік мерекелік шара өткізді.
Концерттік бағдарламада Жүсіпбек Елебеков атындағы Республикалық эстрада-цирк колледжінің оқушылары домбырамен күй ойнап, дәстүрлі әндер орындады.
Сондай-ақ, балаларда мерекелік шарада өздерінің өнерлерін көрсетіп ән айтып, би билеп, жұмбақтар жасырып, салған сүйреттерін көрсетіп ат салысты.
Осылайша, мерекелік шара аяқталысымен, балаларға дастархан жайылып, сыйлықтар таратылды.