ҚР Мемлекеттік рәміздері
ҚР Президентінің Жолдауы
ҚР Президентінің Ресми сайты
Қазақстан-2050 Мәңгілік Ел

WhatsApp Image 2022-10-04 at 15.46.36.jpeg

Бүгін Алматы қалалық психикалық денсаулық орталығындағы қысқы бақта қарияларға арналған кездесу өтті. Өткен ғасырдың 80-90 жылдары еліміздің наркология, психиатрия саласында еңбек еткен Анна Карпуника, Александр Губин, Галина Пастухова, Айтбүбі Қырықбаева, Галина Михайлюкова және тағы басқа ардагерлер қонаққа келді. Орталықтың директоры Сапар Рахменшеев психикалық денсаулық орталығының дамуына үлес қосқан зейнеткерлерге алғыс айтып, сыйлық тарту етті.
- Сіздерді бүгін қысқы баққа әдейі шақырдық. Бұрын -соңды осы мекемеде болмаған бақта түрлі өсімдіктер жайқалып тұр. Сіздер өткен ғасырдағы тоқырау жылдары , еліміздің экономикалық жағдайы өте қиын кезеңде орталыққа еңбек сіңіріп, жас мамандармен тәжірибелеріңізді бөлісіп, талай науқастың алғысын алған ардагерсіздер. Сіздерге мықты денсаулық және отбасыларыңызға бақ, береке тілеймін, - деді орталық директоры Сапар Рахменшеев .
Бүгінгі кездесуге орталықтың медицина саласына және техникалық , шаруашылық бөлімінде қызмет еткен мамандар да келді. Қариялар орталықта еңбек жолындағы ең қызықты оқиғалармен бөлісті.

Алматы қалалық психикалық денсаулық орталығының баспасөз қызметі.

WhatsApp Image 2022-10-04 at 15.41.38.jpegWhatsApp Image 2022-10-04 at 15.46.38.jpegWhatsApp Image 2022-10-04 at 15.46.36.jpeg