ҚР Мемлекеттік рәміздері
ҚР Президентінің Жолдауы
ҚР Президентінің Ресми сайты
Қазақстан-2050 Мәңгілік Ел

WhatsApp Image 2022-10-10 at 20.44.51.jpeg

Алматы қалалық психикалық денсаулық орталығында 8 қазанда өткен ашық есік күніне 52 қала тұрғыны және қонақтар келді. Олардың басым бөлігі компьютерлік томографияның зерттеуінен өтіп, невропалотог пен психологтың көмегіне жүгінген.

Дүниежүзілік психикалық денсаулық күніне орай өткен ашық есік күні ресейлік азаматтар да орталыққа келіп, бірнеше зерттеулерден өтті. Бұл күні КТ, УДЗ, ЭКГ зерттеулердің қызметін 30 адам пайдаланды.
Сонымен бірге орталықтың ересектер мен балалар-жасөспірімдер диспансері бөлімдері мен амбулаториялық-емхана мамандары қала тұрғындарына қашықтан кеңес берді. Онлайн арқылы кеңес беру қызметі Алматының 8 ауданында ұйымдастырылды.

Мамандар Дүниежүзілік психикалық денсаулық күні психикалық денсаулық саласының мәселелерін талқылап , жұртшылықты қажетті ақпарат, мағлұматтармен қамтамасыз етті . Ашық есік күніне келген тұрғындардың барлық сұрақтары елеусіз қалған жоқ.
Сонымен бірге орталықта сенім телефондары жұмыс істейді. Психологтар күні-түні республика тұрғындарына кеңес береді. Тәулігіне үздіксіз қоңырау шалып, психологиялық көмек сұрағандардың басым бөлігі ойынқұмарлықтан және несиені үйіп алып, қарызы қордаланып, күйзелістен қажығандар . Бұдан басқа телефон тұтқасын күзеткен клиникалық психологтар биыл өз өміріне қастандық жасауға талпынған жандарды да райынан қайтарған.
Алматы қалалық психикалық денсаулық орталығы әрқашан тұрғындарға сапалы және қолжетімді қызмет көрсетуге дайын. Сондықтан психикалық ауруларды асқындырмай, дәрігерге баруға асығыңыз.

 

WhatsApp Image 2022-10-10 at 20.44.52.jpegWhatsApp Image 2022-10-10 at 20.44.51 (1).jpeg