ҚР Мемлекеттік рәміздері
ҚР Президентінің Жолдауы
ҚР Президентінің Ресми сайты
Қазақстан-2050 Мәңгілік Ел

WhatsApp Image 2022-10-11 at 19.33.48 (1).jpeg



Бүгін Алматы қалалық психикалық денсаулық орталығының кәсіби мамандары “Aq jol” жастар денсаулығы орталығында психологтармен кездесуге қатысты.

Алматы қаласының жастар денсаулық орталықтарын дамыту бойынша үйлестірушісі Дина Тұрғынбайқызы және ресурстық жастар денсаулық орталығының жетекшісі Шолпан Естемісқызы жиында суицидтің алдын- алу және оны қалай анықтау керек, жастардың, жасөспірімдердің психикалық денсаулық мәселесі бойынша өз тәжірибесімен бөлісті. Қалалық психикалық денсаулық орталығының директоры Сапар Рахменшеев психиатриялық саладағы жаңалықтар, жетістіктер , емдеудің жаңа тәсілдері жайында әңгімелеп, психологтардың сұрақтарына жауап берді.
Жиында «Aq Jol» жастар денсаулық орталығының психологы Лавров Антон Валерьевич суицидтік қауіп факторлары жайында дәріс оқыды. Психодиагностикалық құралдар, сондай-ақ депрессия белгілері, суицидтік ниеті және басқа да жағдайлары бар науқастармен жұмыс істеу алгоритмі мәселелері қамтылды.
Алматы қалалық 7 емханада өткен бұл кездесуде жас мамандар кәсіби біліктілігін арттырып, тәжірибе жинау үшін Психикалық денсаулық орталығында оқуға жолдама алды. Жылына мыңдаған науқасты емдейтін ірі клиникада тәжірибе жинау және әріптестік қарым-қатынасты нығайту жас психологтар үшін ерекше мүмкіндік.
-Екі тараптың мақсаты қала тұрғындарына психикалық көмек көрсету. Біздің орталықта осы саланың жілігін шағып, майын ішкен психологтар, психиатрлар және психотерапевтер күн сайын жүздеген адамға психологиялық, медициналық көмек көрсетеді. Жас мамандар дәл осындай тәжірибеде шыңдалады деп ойлаймын. Әрі бұл ортақ мәмле қаламыздың психиатриялық қызметтің сапасын одан әрі жақсартуға септігін тигізеді,- орталықтың директоры Сапар Рахменшеев .

WhatsApp Image 2022-10-11 at 19.33.49.jpegWhatsApp Image 2022-10-11 at 19.33.49 (1).jpegWhatsApp Image 2022-10-11 at 19.33.48.jpeg