ҚР Мемлекеттік рәміздері
ҚР Президентінің Жолдауы
ҚР Президентінің Ресми сайты
Қазақстан-2050 Мәңгілік Ел

 

https://i0.wp.com/45minut.biz/wp-content/uploads/2022/10/d54AIuA6wBlwpQ8KE5rokQ.jpg?resize=300%2C300&ssl=1 300w, https://i0.wp.com/45minut.biz/wp-content/uploads/2022/10/d54AIuA6wBlwpQ8KE5rokQ.jpg?resize=150%2C150&ssl=1 150w, https://i0.wp.com/45minut.biz/wp-content/uploads/2022/10/d54AIuA6wBlwpQ8KE5rokQ.jpg?resize=768%2C768&ssl=1 768w, https://i0.wp.com/45minut.biz/wp-content/uploads/2022/10/d54AIuA6wBlwpQ8KE5rokQ.jpg?resize=180%2C180&ssl=1 180w, https://i0.wp.com/45minut.biz/wp-content/uploads/2022/10/d54AIuA6wBlwpQ8KE5rokQ.jpg?w=1080&ssl=1 1080w" data-lazy-loaded="1" sizes="(max-width: 825px) 100vw, 825px" loading="eager" style="box-sizing: inherit; vertical-align: bottom; border-radius: inherit;">

Алматыда психикалық денсаулық орталығының сенім телефонына 4 мыңнан астам қоңырау түскен.

Алматы қалалық психикалық денсаулық орталығының сенім телефонына биыл он айда 4 мыңнан астам тұрғын хабарласып, психологиялық түйіткілін айтып, кеңес сұраған. Орталық директоры Сапар Рахменшеевтің айтуынша ойынқұмарлар, онлайн несие алып қарызға батқандар да шерін тарқатып, телефондарға дамыл бермейтін болған.

Биыл әлеуметтік мәселелерін айтып, 500-ден астам адам қоңырау шалыпты. Олар құмар ойындарға құнығып, ақшасынан айырылғандар, достарына, кредиторларға онлайн несие беретін ұйымдарға қарызы қордаланып, отбасындағы кикілжіңнен қажып, болашаққа сенімсіздік, көңіл-күйінің күрт құбылуы, қаржылық мәселесін шешудің жолдарын сұраған.

Екінші орында денсаулығына шипа іздеген 384 кісі медициналық мекемелер, емханалар , порталды рәсімдеу бойынша сұрақтар қойған. Бұдан кейін тізімде мазасыз күйге шырмалып, дегбірін қашырып, түнде ұйқысынан айырылған 350 тұрғын психологиялық кеңес алған. Көп жағдайда жалғыздық , жұмыстан айырылу, сөйлесетін, сырласатын адамы жоқ жандар жұрт ұйқыда жатқанда хабарласып, шерін тарқатады екен.

  • Түрлі компьютерлік ойындарға тапқан-таянғанын тігіп, опық жегендердің көбеюі қазіргі заманның өзекті проблемасы. Олар өзінің ісіне, әрекетіне есеп бере алмайды. Бүгін жолым болады, ұтыс аламын деген үмітпен ойын клубтарына қалай барып, қалтасын қағып шыққанын өзі білмейді. Көмек сұраған азаматтар біздің орталыққа келуге ұялады. Соған қарамастан жеке сөйлесіп, әр адам жайлы ақпаратты құпия сақтап, біз оларға жан-жақты кеңес береміз. Ал онлайн несие алуға құмар адамдардың мәселесіне көз жұмуға болмайды. Бұл несиелердің жарнамасы мықты. Әрі талап қатал емес. Бір нүктені басып ақша алып, соған өзінің қалай тәуелді болып қалғанын кейбіреулер байқамайды. Мұның бір ғана жолы психологтарға келіп, осы құмарлық, тәуелділік, құнығып кетуден арылуға әрекет ету керек, — орталықтың директоры Сапар Рахменшеев.

Орталықтың сенім телефондарына еліміздің түкпір-түкпірінен күн сайын 30-ға жуық тұрғын хабарласады. Мұңын айтып, тығырықтан шығатын жол іздеген жандарға төрт клиникалық психолог тәулік бойы кеңес береді. Сәуле Ибашеваның айтуынша құмар ойындардың құрығына жіпсіз байланған жігіттердің басым бөлігі бойдақ, жасы 25-35 жастағы еңбекке етуге қабілетті, тепсе темір үзетін жігіттер.
— Олар көбінесе түнде қоңырау шалады. Түркістан облысы, Ақтау, Атырау және Көкшетаудан жиі хабарласады. Шағын аудан, кішкентай ауылда тұрады. Көршілері, ауылдастарым ойынқұмар екенімді біліп қоймасын деп көпшіліктен жасырып жүргенін айтады. Оларда болашаққа сенімсіздік, күйзелістен шаршаған. Өкінішке қарай бізге хабарласқан тұрғындардың көбісі ауыртпалықты жалғыз көтеріп жүрген адамдар. Біз оларға қандай маманға бару керектігін айтып, жол көрсетеміз, — Сәуле Ибашева.

Биыл өз-өзіне қол жұмсаймын деп сенім телефонына екі жүзден астам адам қоңырау шалған. Психологтар олардың бірнешеуін райынан қайтарған. Бұдан өзге есірткі заттарын, алкоголь тұтынып, үйдің берекесін қашырған қалалықтар да жиі хабарласады екен. Алматы қалалық психикалық денсаулық орталығында сенім телефондары 2015 жылы іске қосылды. Ақтау, Қарағанды, Көкшетау, Тараз, Астана, Атырау, Қызылорда және Түркістан облысы тұрғындарына да қызмет көрсетеді.

Алматы қалалық психикалық денсаулық орталығының баспасөз қызметі

Алматы қалалық психикалық денсаулық орталығының сенім телефондары: 87089832863, 3765660, 1303