Диспансерде синтетикалық есірткіге тәуелділіктен емделіп жатқандардың көрсеткіші соңғы үш жылда 54 пайызға өскен. Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығы осындай мәліметімен бөлісті. Автор: Асқарбек Қазанғап 03.05.2023 "7-20-25" бағдарламасын жалғастыру қажет, бірақ ... Атырауда тоғыз қабатты үйдің жертөлесі жекенің қолына өтіп кеткен Автонесие: Көлік құнының 15 пайызы алғашқы жарна ретінде талап етілуі мүмкін Сорақысы сол, аталмыш кеселдің қақпанына түсіп жатқандар жылдан-жылға жасарып барады. Жазасын ойламай, оңай ақша тапқысы келіп, есірткіні жасыратындардың да қарасы көп. Интернет арқылы жүзеге асырылып жатқан қылмысқа тосқауыл бар ма? - Қазір жасым отызға келіп қалды, синтетиканы мектепте оқып жүргенде алғаш рет қолдана бастағанмын. Достарым берген болатын. Бұл жігіт «бір рет қана қолданып көремін» деп, жастық шағын есірткі-шайтанның уысына ұстатқан. Сананың да, тұрмыстың да құрдымына кеткен азамат қазір Алматыдағы Психикалық сауықтыру орталығында емделіп жатыр. Ол үшін мефедрон атты бәлекетке байланған қатарластарының көп болуы қалыпты құбылысқа айналғандай. - Қазіргі уақытта мефедрон, әсіресе, жастардың арасында үлкен сұранысқа ие. Байы да, кедейі де синтетиканы пайдаланады. Ләззат алу үшін адам соңғы ақшасын беруге дайын. Қарызға батасың. Айналаңдағыларға өтірік айтуың көбейеді. Өз-өзіңді ол тәуелділіктен алып шығу өте қиын. Соның кесірінен жұмысымнан да, барымнан да айырылдым. Бұл орталықтың өзінде 5 мыңға жуық адам есепте тұр. Оның жартысы – есірткіге тәуелділер. Бұрын героинге әуес жандар көп болса, синтетиканың келуімен олардың қарасы сирепті. Қазір жаппай «мефедрон», «скорость» қақпанына түсіп жатыр. Бір сәттік ләззаттың одан соңғы азабы сұрапыл. Гүлмира Әбдібаева, «Психиканы сауықтыру орталығы» КМК бас дәрігердің орынбасары: - Психикалық өзгерістерге ұшырап жатқан балалар өте көп. Және бір рет қолданып, психоз жағдайымен жедел жәрдеммен түсіп жатқан аурулар көп. Психикасы өзгеріп кетеді, галлюцинация, есту галлюцинациялары, қорқыныш сезімі, қоршаған ортаны басқаша қабылдау, өз денесін басқаша қабылдау, осындай психикалық өзгерістер дамиды. Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практика орталығы өз есебін жүргізген. Науқастардың дені 18 бен 30 жас аралығындағылар. Кемәлетке толмаған тәуелді балалар да жылдан жылға өсіп барады. Нәби Есімов, Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практика орталығы директорының орынбасары: - 2020 жылы бізде динамикалық бақылауда 449 адам болса, 2021 жылы 528 адам, 2022 жылы 661 адам есепте болды. Ал 2023 жылдың бірінші тоқсаның қорытындылаған кезде 694 адам динамикалық бақылауда болды. Бұл 2020 жыл мен қазіргі таңдағы өсуді бақыласақ, ол 54 пайыздан астам өскен. Яғни қандай өзекті мәселе екеніне көз жетіп отыр. Алматы полициясы жыл басынан бері 7 келі синтетикалық есірткіні тәркілеген. Төрт астыртын жұмыс істеген зертхана жабылған. Соның өзінде жаңбырдан кейін қаптаған саңырауқұлақтай басқасы ашылып жатыр. Интернет арқылы саудалайтындықтан, көбіне бұл қылмыстың басында тұрғандарға құрық бойламайды. Салтанат Әзірбек, Алматы полиция департаментінің ресми өкілі: - Өздері бірбірін танымайды. Тапсырысты интернет арқылы алады. Кішігірім тапсырыс беретін адамдарды да көзбе-көз көрмейді, яғни бір-бірімен байланыспайақ, осындай қылмыс істелініп жатыр. Кей кезде тапсырыс беруші, яғни жұмыс беруші шетел азаматы болып шығады. Қылмыскерді ұстау, науқасты емдеу – осы кеселдің салдары. Ал адамның есірткіге тәуелді болу себебінің тамыры тереңде жатыр. Сайып келгенде құмарлық құзынан құламау әркімнің өз қолында. Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Tele
ktk.kz сайтының материалдарын пайдалану Материалды мәтіннің бірінші немесе екінші сөйлемінде негізгі мәтін ретінде бір шрифтпен орналастырылуы тиіс материалға тікелей гиперсілтеме болған кезде рұқсат етіледі.
Синтетикалық есірткіге тәуелді болғандардың саны артып барады
- Подробности
- Просмотров: 426