Биыл Алматыда суицид жасауға әрекет қылған немесе өмірін қиған оқиғалар азайды. Алматы қалалық психикалық сауықтыру орталығының директоры Сапар Рахменшеев « Дүниежүзілік суицидтің алдын-алу күніне» орай өткен шарада айтты. Қаланың бас психиатры Алматы қалалық сауықтыру орталығы және бірнеше мекемелердің бірлесіп , жасөспірімдерге, ата-аналарға , ұстаздарға жиі жиындар, тренингтер ұйымдастыру, тәулік бойы жұмыс істейтін сенім телефондары мен жастар орталықтарының үздіксіз еңбек етуінің нәтижесі деді.
-Суицид өзекті мәселе. Дегенмен өзіне қол жұмсау туралы ой пайда болған немесе өмірімен қоштасуға бекінген адамды райынан қайтаруға болады. Күйзеліс шырмауында жүрген адамдар жақынына , досына шерін тарқатады, айтады. Бірақ олардың көмегі оның өзіне қол жұмсау туралы ойына әсер етпейді. Өзгертпе йді. Тығырыққа тіреледі. Мұндай жағдайға душар болған жандарға біздің орталықтың есігі әрқашан ашық,- дейді Сапар Рахменшеев.
Бүгін қалалық психикалық сауықтыру орталығы мен жастар орталығы мамандары суицидтің алдын—алудың жолдарын талқылады. Флешмоб өткізді.
Бүгінгі шараға ұзақ уақыт бойы психологтар емдеп, суицид жасаймын деген ойдан арылған науқастар да қатысты. Айзере 22 жаста. Бойжеткен өзінің қиын-қыстау кезде суицид жасау туралы райынан қайтаруға ықпал еткен дәрігерлерге алғыс айтты.
-Он жасымда туған ағамның азғындығына шыдай алмай бесінші қабаттан секіріп кетуге бекіндім. Ол мені жыныстық қатынасқа мәжбүрледі. Өзінің арсыз әрекетін жарты жыл бойы жалғастырды. Бір күні ата-анама айтамын деген аузымнан сөз шығып кетіп, одан қатты таяқ жедім. Әкем күнде арақ ішіп, анамды ұрады. Ата-анам мұғалім. Әкем түнде есігімді сындырып, ұйықтап жатқан бөлмеме кірді. Мен сол кезде бұл азаптан құтылудың жолы суицид жасау деп ойладым. Ұйықтағанда жанымда пышақ алып жату әдетке айналды. Мектепті бітіремін. Тағы күйзеліске түстім. Жуыну, киім ауыстыруға , тіпті өмір сүруге зауқым болмай қалды. Сол кезде жастар орталығына келдім. Олар менің мұңымды тыңдап, психикалық сауықтыру орталығына жолдама берді. Бір жылдан бері психологқа келіп кеңес, дәрілерімді алып кетемін. Орталық мені ажалдан құтқарды. Қазір ол жайында ойламаймын,-дейді бойжеткен.
10 қыркүйекте Дүниежүзілік суицидке қарсы күрес күні. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметіне сенсек, жыл сайын 700 000 астам адам өз қалауымен өмірімен қоштасады. Миллионға жуық жер шарының тұрғындары суицид жасауға оқталады. Мамандар көбінесе адамдарды жарық дүниеден баз кешіп, өзіне қиянат жасауға отбасындағы кикілжіңдер, денсаулығының күрт нашарлауы немесе емі жоқ кеселге шалдығу, жұмыс барысында туындаған проблемалар, психикалық ауытқудың пайда болуы түрткі болады дейді.
Алматы қалалық психикалық сауықтыру орталығының баспасөз қызметі