ҚР Мемлекеттік рәміздері
ҚР Президентінің Жолдауы
ҚР Президентінің Ресми сайты
Қазақстан-2050 Мәңгілік Ел

 

WhatsApp Image 2023-10-10 at 13.50.18.jpegWhatsApp Image 2023-10-10 at 13.50.18 (1).jpegWhatsApp Image 2023-10-10 at 13.50.19.jpegWhatsApp Image 2023-10-10 at 13.50.22.jpeg

Алматылық бастауыш сынып оқушыларының 35% тәулігіне 1-2 сағат гаджетке телміреді. Осы жастағы балалардың 33% ғаламторда анағұрлым көп уақыт байланып қалса, 9% гаджетке мүлдем қарамайды. Ал 13-15 жастағы жасөпірімдердің 69% күндіз-түні 2 немесе одан көп уақыт виртуалды әлемге сүңгіп кетеді.
Бүгін Дүниежүзілік психикалық денсаулық күні «Балалар мен жасөспірімдер арасындағы гаджеттерге тәуелділіктің алдын-алу шаралары» атты оқу-әдістемелік құрал жарық көрді. Оқу - әдістемелік құралда Алматы қалалық психикалық сауықтыру орталығы қызметкерлерінің қала мектептеріндегі балалар мен жасөспірімдердің гаджетке тәуелділігін зерттеу нәтижелерінің қорытындысы жарияланған. Орталықтың директоры Сапар Рахменшеевтің айтуынша қаланың білім ордаларында оқитын 6-18 жас аралығындағы 3300 оқушы қатысқан. Олардың 1664 (50,4%) қыздар, 1636 (49,5%) ұлдар.
- Мұндай нұсқаулық қазақ тілінде бірінші мәрте жарық көрді . Негізі қазақ , орыс тілінде шықты. Мектептегі ұстаздарға, ата-аналарға арналған. Жалпы балалардағы тәуелділіктің қай деңгейді болып жатқанын анықтауға, тәуелділікті анықтау кезінде қандай сұрақтар қою керек, қалай көмек беру керектігі жайында мағлұматтар бар. Зерттеу жұмысы 2022-2023 жылдары Алматы қаласының жалпы білім беретін мектептерінің басшылары, ата-аналарының келісімен сауалнама әдісі бойынша жүргізілді. Гаджетке тәуелді баланың ойынқұмарлықтың құлына айналуы бір қадам. Бұл дертпен күресу үшін алдымен құмар ойынға үгіттейтін жарнамаларды тоқтату керек, -дейді Сапар Рахменшеев.

Мамандардың зерттеу нәтижесінде балалар, жасөспірімдердің бойындағы гаджетке тәуелділіктің белгілері ,себептері анықталған. Шынайы өмірге қанағаттанбау, жақын адамдарымен тіл табыса алмау, қатым-қатынасы нашарлау, жақындарының мінез-құлқындағы өзгерістерді байқаған кезде тұйықталуы, сескенген жасөспірімдердің серігі ғаламтордағы әлем болып тұр. Бұл Алматы қалалық психикалық сауықтыру орталығы, Алматы қалалық білім басқармасы және Қазақстан-Ресей медициналық университетінің бірлескен жоасы.

Бүгін дүниежүзілік денсаулық күні орталықта ашық есік күні өтті., Қала жұртшылығына психологтар, психиатрлар, терапевтер ,невропотологтар тегін медициналық,психологиялық кеңес берді.