Бүгін Алматы қалалық психикалық сауықтыру орталығының балалар бөліміне 20 жыл толды. Кішкентай науқастарға арналған аурухана 60 төсектік орынмен жабдықталды.
Балалар бөлімі 2003 жылы 4 қарашада психикалық ауруға шалдыққан кәмелет жасқа толмағандарды қабылдап, тәулік бойы емдеу шараларына кірісті. Жанна Худаир бөлімнің тұңғыш меңгерушісі болып тағайындалады.
-Мені жаңа ашылған бөлімді басқаруға шақырды. Ол кезде қалада балалар бөлімін ашу қажеттілігі туындады. Психикалық ауруға шалдыққан балаларды стационарға жатқызып емдеу, тәулік бойы бақылау көзделді. Көбінесе мінез-құлқында ауытқушылық, психикалық бұзылыстардың аспектілері, шизофренияның алғашқы белгілері анықталған жасөспірімдерді қабылдадық. Себебі, оларды есепке алу ,нақты диагнозын білу үшін тәулік бойы бақылау керек. Бұл біздің клиникалық құралымыздың бірі,- дейді Жанна Рафкатқызы.
Жанна Худаир қазір Алматы облыстық психикалық денсаулық орталығының директоры. Бүгінгі тарихи күн психиатрлар мен психологтар кішкентай науқастарға қонаққа келді.
Стационарлық бөлім мамандарға ақыл-есінің кемістігі, аутизм және шизофренияға шалдыққан алматылық науқастарды тәулік бойы денсаулығын қадағалап, психикалық кеселдің ерекшеліктерін бақылап, сапалы емдеуге мүмкіндік берді. Қазіргі таңда балалар бөлімінде 35 төсек бар. Бөлім балалардың ақыл -ойының, мидың қызметін жақсартуға, дамытуға арналған құралдармен жабдықталған. Осы бөлімнің меңгерушісі Ольга Александрованың айтуынша соңғы жылдары гаджетке тәуелді балалар психологиялық көмекке жиі жүгінеді.
Қазір бөлімде 35 төсектік орын бар. Науқастарға медициналық, психологиялық көмекпен бірге әлеуметтік мәселелері мен құқықтық қолдаубар көрсетіледі.
Орталықтың директоры Сапар Рахменшеев осы бөлімнің ашылуына үлес қосқан мамандарды құттықтап, марапаттады. ИАлматы облыстық психикалық денсаулық орталығының директоры Жанна Рафхатқызы «Құрмет» орденімен марапатталды.