ҚР Мемлекеттік рәміздері
ҚР Президентінің Жолдауы
ҚР Президентінің Ресми сайты
Қазақстан-2050 Мәңгілік Ел

 

 

Психикалық ауытқуы бар балалар актер болуды армандайды.


Жасөспірімдерді күйзеліс құрсауынан құтқару үшін Алматы қалалық психикалық сауықтыру орталығында сауықтыру бөлімі , аспаздық сыныбы, театр мектебі ашылған. Бүгін кішкентай емделушілер тұңғыш мәрте сахнаға шығып, қуыршақтарды сөйлетті. Әртүрлі жастағы жасөспірімдер «піл мен тышқанның достығы» жайлы қойылымның кейіпкерлерін өз қолымен құрастырыпты. 1 маусым халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында Алматы қалалық психикалық сауықтыру орталығының балалар бөлімінде емделушілер көпшілікке осылай өнерін паш етіп, дәрігерлер сыйлық тарту етті. Олардың бірі әнші, бірі актер, кейбірі аспаз болуды армандайды. Күйзеліс пен ақыл-есінің дамуы тежелген ұл-қыздар
ән шырқап, өлең оқыды. Балалар асфальтқа көк аспан, жарқыраған күннің суретін салып, қоғамға деген өз көзқарасын қылқаламмен білдірді.
-Бұл балаларды өзін тануға, қоғамның мүшесі болып қалыптасуға дағдыландыру мақсатында ұйымдастырдық. Сауықтыру шарасы арқылы өзін -өзі түсінбейтін, өзінің жанындағы адамдармен, қоғам өмірімен біте қайнасып кетуге қауқарсыз жасөспірімдердің қанатын қатайтып, оларға өз мүмкіндіктерін шыңдауға көмектесу. Театр , актерлік шеберлік оларды ұялшақ, тартыншақ болудан арылуға көмектеседі, -дейді орталықтың бөлім меңгерушісі Ольга Александрова.

Алматы қаласы бойынша 2600 бала психикалық аурулар бойынша динамикалық бақылауда. Олардың басым бөлігі ақыл -есі дамуының тежелуі, аутизм және шизофрениямен аукырады.

Алматы қалалық психикалық сауықтыру орталығының баспасөз қызметі.