ҚР Мемлекеттік рәміздері
ҚР Президентінің Жолдауы
ҚР Президентінің Ресми сайты
Қазақстан-2050 Мәңгілік Ел

 

Бүгін Дүниежүзілік психикалық сауықтыру күні.

Бүгін Алматы қалалық психикалық сауықтыру орталығы қала тұрғындары мен қонақтарын ашық есік күніне шақырады. Психологтар, психиатр ,психотерапевтердің көмегіне жүгінуге мүмкіндік бар. Орталық директоры Сапар Рахменшеев сапалы медициналық көмек алу , емделу үшін барлық мүмкіндіктер бар және ол жайында төмендегі бейнебаянда түсіндіріп, баяндап береді.
-Біздің орталықта 13 мыңға жуық психикалық ауытқу бар адам психикалық диспансерлік бақылауда тұрады. Сонымен қатар , 376-56-60 сенім телефоны жұмыс істейді. Егер орталыққа келуге ұялсаңыздар , сенім телефондары арқылы мамандардан кеңес алуға болады, -дейді орталық басшысы.
Сонымен бірге бүгін Психикалық денсаулық орталығының баспаханасында жарық көрген науқас балалар мен жасөспірімдердің тұңғыш кітабының тұсаукесері өтеді. Балалар өз өміріндегі жарқын сәттерді қылқаламмен суреттеп, әңгімелерге иллюстрациялар жасаған.
-Шығармашылық белсенділік психикалық денсаулықты қалпына келтіруге ықпал етеді. Ал туындысын кітаптан көріп, өзінің шығармашылық нәтижесіне қол жеткізу кішкентай емделушілердің бойына күш, болашағына сенім ұялатып, ауруды жеңуге көмектеседі,- деген пікірімен бөлісті орталық маманы Дарияш Қасымова.

Бүгін Дүнижүзілік денсаулық сақтау ұйымы және оның серіктестері Дүниежүзілік психикалық денсаулық күні психикалық денсаулық пен еңбек қызметі арасындағы ажырамас байланысқа назар аударуға шақырады. Жер шары тұрғындарының 60% жұмыс істейді. Жұмыс орнындағы қолайсыз орта, стигматизация, кемсітушілік, қудалау және басқа да қауіп-қатерлер мен қауіпті өндірістік факторлар жұмысшылардың психикалық денсаулығына, жалпы өмір сапасына, олардың еңбек ету қабілеті мен өнімділігіне айтарлықтай қауіп төндіруі мүмкін деп хабарлайды Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы.
Халықаралық ұйым өкілдері еңбеккерлердің психикалық денсаулығына қауіп төндірмеуге көмектесу үшін мүмкіндігінше тезірек шаралар қабылдап, әр адамға жұмыста ,өмірде табысқа жетуге мүмкіндік бере аламыз. Салауатты болашақты құру үшін қазірден психикалық денсаулыққа көңіл бөлуге кеңес береді. .