ҚР Мемлекеттік рәміздері
ҚР Президентінің Жолдауы
ҚР Президентінің Ресми сайты
Қазақстан-2050 Мәңгілік Ел

Дәрігер–балалардың жанашыры.

Бүгін Алматы қалалық психикалық орталығының ғимараты ерекше балалардың шығармашылық алаңына айналды. Орталықтың дәрігерлері, медицина қызметкерлері қоғамнан оқшау өмір сүретін кішкентай науқастарға медициналық, психологиялық көмек көрсетті.

Бүгін елімізде басталған «Дәрігер – балалардың жанашыры» акциясы аясында Алматы қалалық психикалық сауықтыру орталығы ашық есік күнін өткізді. Емделушілер
сурет салу байқауына қатысып, бақша өнімдерін егу, баптаудың қыр-сырын үйрететін шеберлік дәрісіне қатысты. Балалар бөлімінің меңгерушісі Ольга Александрованың айтуынша психикалық ауруға шалдыққан балаларға арт-терапия, еңбек терапиясының пайдасы зор. Қылқаламның құдіреті емделушіге эмоцияларын білдіруге, ішіндегі қорқыныш пен уайымын бүкпей ақтарып, мазалаған кеселмен күресуге мүмкіндік береді дейді Ольга Александрова. Әрі науқастың шығармашылық дағдыларын дамыту арқылы өзін-өзі бағалауды жетілдіруге көмегі зор.

Алматы қаласы бойынша 3000 жуық бала және жасөспірім психикалық динамикалық бақылауда есепте тұрады. Бүгін ашық есік күні ерекше әсерге бөленген емделушілер мен олардың ата-аналары дәрігерлерге алғысын білдірді. Алып қаланың қақ ортасында орналасқан бау-бақшада жер қопарып, көшет егу емделушілерді ерекше әсерге бөледі.

#Қазақстанбалалары2025 #Дәрігер–балалардың жанашыры2025
#ЗДОРОВЫЕИСЧАСТЛИВЫЕ ДЕТИРК2025 #здоровыедетиРК2025 #заботаодетяхРК2025 #добрыйдокторРК2025
#здоровыедети #заботаодетях #добрыйдоктор.