Психикалық сауықтыру орталығы емделушілері қойылымға шақырады.
Бүгін Алматы қалалық сауықтыру орталығының емделушілері «Балалық шақ қайда кетті?» деген қойылымды сахналандырып, Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында журналистер мен медицина қызметкерлеріне ұсынды.
Бұл қойылымда жасөспірімдер балалық шақпен қоштасып, ата-аналарға перзентіне көңіл бөлудің маңызды екенін , кішкентай жүрегіндегі тілектерін естіртуге тырысады. Ересектерді кәмелет жасқа толмағандардың пікірін құрметтеуге шақырады. Әрбір көріністің астарында шынай өмірде ұл-қыздар айта алмай жүрген және әрбір кезеңде олардың өзін-өзі көрсетуге ұмтылысы, қайнап жатқан тіршіліктің бір мүшесі болып қалыптасуға әрекеті , қоршаған ортаның құпиясын білуге талпынады. Сценарий авторлары да, кейіпкерлері да орталықтың пациенттері. Балалар өздері ойлап тапты,- дейді Дарияш Қасымова . Олар бұл қойылымды сахландыру үшін 4 ай бойы дайындалыпты.
Бүгін орталықта балалар салған суреттердің көрмесі өтті. Емделушілер балалық шақтағы жарқын сәтті , жақын адамды немесе өміріндегі ұмытылмас күнді ақ қағазға бейнелеген..Екі автор ғана ата-анасын еске түсірген. Ал бір емделуші ақ шашты әжесін сағынған секілді. Саябақта біреуді күтіп отырған қарияның бейнесі көрмеге келген қонақтардың қызығушылығын оятты. Әр туындының астарында балалардың балалық шаққа сағынышын аңғаруға болады.
Мерекелік шара шеберлік дәріске ұласты. Жасөспірімдер тұзды суға қамыр илеп, оған бояу қосып, мысықтың мүсінін жасады. Шығармашылыққа баулу арқылы олардың ойлау қабілетін дамыту , күйзелістен арылуға көмектеседі . дейді мамандар.
Алматы қалалық психикалық орталығының емделушілері бүгінгі мерекелік шараны ешқашан ұмытпайды. Себебі, олардың басым бөлігі бір-екі жылдан кейін ересек өмірге қадам басадыОрталық директоры Сапар Рахменшеев пен Балалар бөлімінің меңгерушісі Ольга Александрова кішкентай емделушілермен бірге шеберлік дәрісіне қатысты. «Дәрігер – балалардың жанашыры» акциясы әлі жалғасуда. Орталықта балалардың денсаулығы тәулік бойы дәрігерлер мен мейіргерлердің бақылауында. Олар медициналық, психологиялық көмекпен қамтамасыз етілген.