ҚДӘСНО-та «Денсаулық дәрістері» бойынша ашық есік күндері өтті.
Алматы қалалық дәрігерлік әлеуметтік саулық наркологиялық орталығы 5-қыркүйекте сағат 9-дан 14-ке дейін қала тұрғындарына ашық есік күндерін өткізді. Орталық шаһар жұртшылығына мамандандырылған медициналық наркологиялық көмек көрсететін, алдын -алуға және оны ерте анықтау,салауатты өмір салтын насихаттау, науқастарды емдеу, әлеуметтік сауықтыру шараларын өткізетін ,алкоголь және есірткіден мас болған жағдайда сараптама жүргізетін қаладағы жалғыз мемлекеттік кәсіпорын болып табылады.
5 нарколог -дәрігер, психотерапевт , 2 терапевт дәрігер мен 3 психолог кеңес беруге жұмылдырылды.
ҚДӘСНО қызметкерлері нашақорлық, ішімдік және тәуелділіктің психологиялық аспектілерінің мәселелері бойынша кеңес берді. Қала тұрғындарының келуі құпия түрде сақталып, олар тәуелділік жайында , науқастарға көмек көрсету туралы жан-жақты мағлұматтар алды.
Барлығы 184 адам келді,олар төмендегідей мамандардан кеңес алды;
1.Нарколог-дәрігерге- 114 адам.
2.Психотерапевтке - 28 адам
3.Психологқа -21 адам.
4.Терапевт дәрігерге -28 адам.
Ашық есік күндері аясында зертханалық, құрал-аспаптық зерттеулер тегін жүргізілді.
-Психобелсенді заттарға мульти жылдам тесті -18 адам тапсырды.
-Ішкі мүшелерді УДЗ -28 адам.
-ЭКГ- 18 адам.
-ЖҚТ -16 адам.
-ЖНТ-1 адам.