30-қазан күні «Алатау» мәдениет үйінде Алматы қалалық Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасы мен Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы ,Қалалық наркологиялық медико-әлеуметтік сауықтыру орталығымен бірлесіп, қалалық және аудандық әкімшіліктің қолдауымен «Жастар есірткіге қарсы» шара өтті. Есірткіге қарсы ұйымдастырылған шараға дәрігер-нарколог Алиев Р.Н қатысып, есірткінің зияны жайында жастарға мол мағлұмат берді. Тәжірибелі дәрігер Қазақстанға келетін есірткі заттары мен оның қауіптілігі жайында айтып берді. Ауқымды шараға 750 адам қатысып,адам тағдырын тозаққа айналдыратын есірткінің зардаптары жайлы бейнекөріністер көрсетілді. Ішкі істер қызметкерлері ,студенттер мен оқушылардың ,атақты әншілердің пікірлерін тыңдады.