ҚР Мемлекеттік рәміздері
ҚР Президентінің Жолдауы
ҚР Президентінің Ресми сайты
Қазақстан-2050 Мәңгілік Ел

        Қазанның 28-жұлдызында дәрігер -нарколог Қасымова К.А «АҚТП инфекциясы және нашақорлық» деген тақырыпта шеберлік дәрісіне қатысты. Шараның мақсаты -ҚР Президентінің 2010 жылғы 29-қарашадағы №1113 Жарлығымен бекітілген Денсаулық сақтау министрлігінің №45 бұйрығына сәйкес : Салауатты өмір салтын қалыптастыру және аурудың алдын-алу бойынша 2015 жылы өткізілетін шараларды»,яғни мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру.  

       Ал қазанның 30-күні дәрігер-нарколог Қасымова К. А Алматы қаласының ТЖ департаментінің өрт сөндіру және апаттан құтқару жұмыстары қызметінің мамандарына «Есірткі,психотропты заттар,сонымен қатар алькоголді сусындарды тұтыну және оның адам ағзасына әсері мен қоғамға әкелетін зардаптары туралы» лекция оқыды. Дәрігер -нарколог қаланың құтқарушыларының барлық сұрақтарына жауап берді