Алматы Қалалық наркологиялық медико -әлеуметтік сауықтыру орталығының тәжірибелі дәрігер-наркологтары Жоғары оқу орындарында және колледжде оқитын жастармен кездесуді жалғастыруда.
Қазанның 26- жұлдызында Әл-фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде Халықаралық темекіден бас тарту күніне арналған кезекті жиын өтті. Дәрігер-нарколог Булина Н. А «Шегуге арналған қоспалар» жайында лекция оқып , сонымен бірге психобелсенді заттарды пайдаланғанда туындайтын психологиялық, физикалық тәуелділіктің зардаптарын айтып берді. Жиынға 161 студент қатысты. Шараның мақсаты -жас қыз-жігіттерге есірткі заттарын тұтынудың қасірет әкелетіні жайлы шынайы ақпарат беріп, оларға болашағын кемел,жарқын ету үшін жағымсыз әдеттен аулақ болуға шақырды. Студенттер шегетін есірткі заттарының алдын-алу және одан қалай қорғануға болатынын сұрап, кездесуде қызу пікірталас болды. Жиында жастар санасына сілкініс жасау мақсатында есірткі заттары туралы бейнекөріністер көрсетілді.