ҚР Мемлекеттік рәміздері
ҚР Президентінің Жолдауы
ҚР Президентінің Ресми сайты
Қазақстан-2050 Мәңгілік Ел

        Әрқашан қатерлі топқа жататындардың бірі -нашақорлар. Қазіргі уақытта ЖҚТБ-ны жұқтырғандардың 40 пайызы есірткіні ине арқылы егетін науқастар деген болжам бар. Зерттеу нәтижесі көрсеткендей ине ұшында ауру жұққан қанның қоздырғышы екі тәулік бойы қаз-қалпында сақталады. Бұған қан температурасының төмендігі себеп.

Яғни есірткіге тәуелді адам бір рет пайдаланатын шприцтерді қолданбаса онда оның дертті жұқтыру қаупі де орасан зор. Бүгінгі таңда жасөспірімдер мен жастарды есірткіге тәуелділік, темекі шегу және маскүнемдіктен қорғаудың ең тиімді жолы - алдын -алу шараларын ұйымдастыру. Алматы қалалық наркологиялық медико-әлеуметтік сауықтыру орталығының мамандары күн сайын Алматының ЖОО,колледждері мен мектептерде семинар, кездесулер үздіксіз ұйымдастырылуда.  

      9-қарашада Дүниежүзілік ЖҚТБ-ға қарсы күрес күніне арналған айлық шара аясында дәрігер-нарколог Жүзбаева А.А. Алматының заң колледжінде «Жастар арасында нашақорлықтың алдын -алу»,»Нашақорлық және ЖҚТБ» деген тақырыпта баяндама оқыды. Дәрігер есірткі жайында , оның қауіптілігі ,ағза мен санаға әсері туралы жастардың сауалдарына жауап берді. Бұған қоса оның алғашқы «дәмін татып көру немесе одан бас тарту» таңдауы келгенде оған саналы түрде және ойланып дұрыс шешім қабылдауға септігін тигізетін кеңестерін айтты. Дәрігер-наркологпен кездесуге қатысқан 142 студент медициналық тексеруден өтті.

      Ал 10-қараша күні дәрігер-нарколог Жүзбаева А.А. Халықаралық қазақ-қытай тілдері колледжі студенттеріне семинар өткізді. «Психобелсенді заттардың жас ағзаға әсері. ВИЧ/СПИД» тақырыбын талқылаған жиында қатысушылар ; Адамдар есірткіні неліктен тұтынады? Есірткі қалай әсер етеді? Оны қабылдауға не түрткі болады?- тәрізді сан сауалдарға жауап алды. Семинар соңында колледждің 150 оқушысы есірткіні тұтынуды анықтайтын тексеруден өтті.