Алматы қалалық наркологиялық медициналық әлеуметтік сауықтыру орталығында 4-желтоқсанда ҚР Президенті Н. Назарбаевтың «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда; өсім, реформалар, даму» атты жолдауы талқыланды.
Жиында Орталықтың жас буын өкілдері және өз саласының білгір мамандары психологиялық зертхана бөлімінің меңгерушісі Әсел Өмірбекова, статист -дәрігер Әлиям Мезикова, бағдарламашы Бекжан Нұрақыш және нарколог дәрігер Әзиз Асанов жаңа жолдаудың мақсаттарын жан-жақты түсіндірді. Олар жаңа жолдаудағы еліміздің дамуын көздейтін және дағдарысқа қарсы мүмкіндіктерді жүзеге асыруға арналған 5 бағытты, атап айтқанда ; жаңа әлеуметтік саясат, бюджет саясатын оңтайландыру , қаржы секторын тұрақтандыру, жекешелендіру және экономикалық бәсекелестікті ынталандыру , жаңа инвестициялық саясаттың негіздері жайында айтып,өз пікірлерін ортаға салды.