ҚР Мемлекеттік рәміздері
ҚР Президентінің Жолдауы
ҚР Президентінің Ресми сайты
Қазақстан-2050 Мәңгілік Ел

     Еліміздің тәуелсіздік мерекесі қарсаңында желтоқсанның 14-ші жұлдызында Алматы қалалық наркологиялық медициналық әлеуметтік сауықтыру орталығында салтанатты жиын өтті.   ҚНМӘСО бас дәрігері Гүлсара Сүлейменова құттықтау сөзін айтып, Республика егемендігінің ресми түрде жарияланған күннің тарихи маңыздылығын атап өтті.

 Қазақ елінің мемлекет ретінде қалыптасуы бұл сан ғасырлар бойы халқымыздың еркіндікке жету жолындағы күрестің нәтижесі. Тәуелсіз мемлекеттің конституциялық қайта құрылымдауы, қалыптасуы және оның дамуына ықпал еткенін өткен жылдардың алғашқы және екінші онжылдықтарындағы қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық жағдай бағалауға мүмкіндік береді.  

Салтанатты жиынның ашылу рәсімінен кейін Қазақстан Республикасының әнұраны шырқалды.

 

 

 

   Басқосу барысында Психологиялық зертхана меңгерушісі Ә.Өмірбекова « Тәуелсіздік күні- Қазақстан Республикасының ең басты ұлттық мерекесі» деген тақырыпта баяндама оқыды. .

   Қазақстан Республикасының 24-ші мәрте аталып отырған Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында бірнеше қызметкерлер марапатталды. Біздің орталықтың медицина қызметкерлері «Нұр Отан» Халықтық демократиялық партиясының, «Ұлттық Денсаулық сақтау палатасы» және «Медик» Алматы аумақтық кәсіподақ ұйымы , ҚНМӘСО әкімшілігінің мақтау грамоталарына ие болды.