ҚР Мемлекеттік рәміздері
ҚР Президентінің Жолдауы
ҚР Президентінің Ресми сайты
Қазақстан-2050 Мәңгілік Ел

       Алматы қалалық наркологиялық медициналық - әлеуметтік сауықтыру орталығының 2015 жылғы атқарған жұмыстарының жетістіктері.

Алматы қалалық наркологиялық медициналық -әлеуметтік сауықтыру орталығының биылғы жұмыстары 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының жоспарланған көрсеткіштер деңгейін жетістіктермен қамтамасыз етуге мүмкіндік берді;

 -14 жасқа дейінгі балалар арасында психобелсенді заттарды тұтыну салдарынан туындаған психологиялық және мінез-құлық ауытқулары аурулары төмендеді, жоспарда халықтың 100 мыңға шаққанда тиісті көрсеткіші 3,3 болса, нақты көрсеткіш 0,3 құрады.

-15 -тен 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында психобелсенді заттарды тұтынып, психологиялық және мінез-құлық ауытқулары ауруларына ұшырау көрсеткіші төмендеді, жоспарда халықтың 100 мың адамға шаққанда тиісті көрсеткіші 54,5, ал нақты көрсеткіш халықтың 100 мың адамға шаққанда 23,7 құрады.

Қалалық Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығымен бірлесіп, ведомствоаралық әріптестік аясында қала тұрғындары арасында темекі және ішімдіктің зиянын үгіттейтін шаралар нәтижесінде олардың таралуының   төмендеуіне септігін тигізді.

Психобелсенді заттарды, опиоид және есірткі заттарын тұтыну салдарынан ауытқушылыққа ұшыраған тұлғалар саны 2014 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 19%, азайып, 23 225 адамды құрады. (1398,6 хал 100 мыңға шаққанда ,ал 2014 жыл 1796), ал бағдарламаны жалпы іске асыру барысында (2011-2015) -2,2 кеміді. Алкоголді сусындарды тұтыну салдарынан ауытқушылық анықталған тұлғалар саны 2014 жылмен салыстырғанда 18,4 %, 2011 жылмен салыстырғанда 2 есе төмендеді.

«Қазақстан Республикасының 2012-2016 жылға арналған нашақорлық және есірткі бизнесіне қарсы күрес салалық бағдарламасының» барлық индикаторларына қол жеткізілді . Есірткіні   тұтынып, зардап шеккендер және оған тәуелділіктен наркологиялық есепке алынған тұлғалар саны азайды. Диспансерлік есепке есірткіге тәуелділік салдарынан алынған тұлғалар саны 2014 жылмен салыстырғанда 23 % , халықтың 100 мыңға шаққанда 161,9-дан 136,4- ке дейін кеміді. Нашақор диагонозынан емдеу және сауықтыру нәтижесінде 2 және одан көп жылға ремиссияда жүрген тұлғалар саны 19 % құрады.

Наркологиялық көмек көрсету сапасының индикаторлары жақсарған. Сонымен   алкоголді тәуелділікпен есепте тұрған науқастар арасында ремиссиямен жүрген пациенттердің (ұзақтығы 1 жыл және одан жоғары) үлес салмағы 9,3 % -артып, 24,7 % құрады, дәл осыған ұқсас көрсеткіштер есірткіге тәуелді және психотропты заттарға тәуелді науқастар арасында 18 % артып, биылғы көрсеткіш 32,6 құрады.

Ішімдік , есірткі заттарын және психотропты заттарды тұтыну салдарынан психикасы мен мінез-құлқындағы ауытқушылық салдарынан   диспансерлік есепке тұрып,одан шығарылған және денсаулығының жақсаруына байланысты профилактикалық бақылауға алынған, ұзақ ремиссияда болғандардың үлесі   77,3 % пайызды құрады және сәйкесінше 24,4 болуы тиіс еді.

Орталықтық қызметін қаржыландыру көлемі 2014 жылмен салыстырғанда 5,3 % артқан , мемлекеттік тапсырыс қызметі 100 % орындалды. Ақылы қызметтен кіріс 255,5 млн теңге, 2014 жылмен салыстырғанда 2 есе өсті,жоспарланған   кірістен 42 % көп.

Мәжбүрлеп емдеу бөлімдерінде науқастар үшін сауықтыру бөлімдері ұйымдастырылған, пациенттердің құлан-таза айығып кетуіне ынта-құлшынысын арттыру мақсатында балл жүйесі енгізілген, би- қозғалыс терапиясы , Мырзакәрім Норбековтің әдісі бойынша денемен - бағдарлау терапиясы ,жарық және бейнекөрініс терапиясы, доктор Рушель Блавоның музыка терапиясы енгізілген. Еңбек терапиясына ерекше көңіл бөлінеді, бұл науқастардың әрі қарай еңбек ұжымында жылдам бейімделуіне және есірткіге қарсы төзімділігін арттыруға көмектеседі. Науқастар үшін спорт алаңы салынып, футбол,волейбол және баскетбол ойындарына жабдықталған. Орталықтағы әр бөлімде шағын кітапханалар ашылған, бұған қоса газет-журналдардың жаңа шыққан сандары күнделікті жаңартылып отырады. Со себепті орталықта үздіксіз мерзімді баспасөзге жазылу дәстүрге айналған.

Сонымен бірге «Менің сүйіктілерім» әйелдердің психологиялық клубы құрылған. Бұл біздің орталықтың көмегіне мұқтаж тұрғындардың отбасындағы   түйіткілдерін шешуге көмектеседі.