2016 жылдың 12-ақпан айында Бостандық ауданының наркологы Хартиади Е. А. Қазақ -Америка университетінің қарамағындағы Алматы байланыс колледжінде ; «Спайс дегеніміз не? Спайс індеті» атты тақырыпта лекция оқыды. Жиын барысында нарколог дәрігер шегетін қоспаларды тұтыну салдарынан туындайтын зардаптар жайлы жан-жақты шынайы ақпаратты жеткізді.
– Ауруды емдегенше ,одан келетін қауіпті ертерек ескерткен әлдеқайда пайдалы екенін білеміз. Біз студенттермен ,оқушылармен осындай пікірталастар,кездесулер, түрлі кештер ,сұрақ-жауап түрінде басқосуларды жиі өткіземіз. Мұндай семинарлар қаншама өмірді құтқаратынына сенемін. Кейде біз студенттердің ; -осындай басқосуға қатысқаннан кейін оған шегетін қоспаларды ұсынған кезде және одан қалай бас тартқанын айтып, ағынан жарылғанын естиміз. Бізді жастардың есірткі заттары, ішімдік пен темекіге деген жағымсыз әдеттерден бойын аулақ ұстайтыны қуантады,-деді нарколог дәрігер Е. А. Хартиада.
Студенттер жиында осы тақырып бойынша өздерін мазалаған сауалдарын қойып, белсенділік танытты. Е. Хартиади шара соңында спайстың залалдарын жіпке тізгендей айтып берді. Әсіресе ,есте сақтау қабілеттің нашарлап, дөрекілік мінездің өршуі және ойлау жүйесінің әлсіреп, ақыл-естің тежелуі және есалаң күйге дейін діңкелетіп тастайтыны жайында мол мағлұмат берді. Жиында нашақорлықтың алдын -алу және шегетін қоспалар мен спайстың зияны мен қауіптілігі туралы бейнекөріністі қыз-жігіттер ерекше ықыласпен көрді. Бұл шараға 42 студент қатысты.
Алматы қалалық НМӘСО баспасөз қызметі.