ҚР Мемлекеттік рәміздері
ҚР Президентінің Жолдауы
ҚР Президентінің Ресми сайты
Қазақстан-2050 Мәңгілік Ел

Бүгін наурыздың 1 жұлдызында Қазақстан халқы ел тарихында тұңғыш мәрте «Алғыс айту» күнін атап өтті. 2015 жылы сәуір айында өткен Қазақстан халқы ассамблеясының съезінде жыл сайын 1-наурызды « Алғыс айту» күні ретінде атап өтуді Президент ұсынған еді. Елбасы сол жиында ; -Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылған күн - 1 наурызды жыл сайын Барлық этностардың бір -біріне және мейірбандық танытып, ол адамдарды өз туғанындай қабылдаған қазақтарға алғыс айту күні ретінде атап өту әділетті болар еді. Ол күн бізді бұрынғыдан да гөрі жақындастыра түспек. Бұл күн мейірімділіктің, бүкіл қазақстандықтардың бір- біріне деген достығы мен махаббатының жарқын мерекесі бола алар еді,-деп ұсынған.

          Алматы қалалық медициналық наркологиялық әлеуметтік -сауықтыру орталығында «Алғыс айту» мерекесінің құрметіне ашық есік күні өтті. Бүгін таңертеңнен бері ҚМНӘСО келушілерге нарколог, психолог және психотерапевт ақысыз қызмет көрсетті. Барлық тұрғындар қан қысымын өлшетіп, кейін терапевтке тексерілді. Мереке күні орталыққа келген алматылықтарға   нарколог, психолог, психотерапевт кәсіби түрде ақпараттық көмек көрсетіп, науқас жайлы медициналық деректер құпия сақталатынына кепілдік берді. Қала тұрғындары мен қонақтар электрокардиография және түрлі басқа да зертханалық зерттеулерден өтуге мүмкіндік алды. Дәрігерлерге тұрғындар пайдалы кеңестер мен медициналық көмек үшін алғыс айтты.

         Ашық есік күні барлығы 31 адам ақысыз медициналық тексеруден өтті. Оның 17-і нарколог көмегіне жүгінсе ,20 кісі психотерапевт пен тағы 20 -сы психологтың кеңесін тыңдады. Ал 11 кісі терапевтің ем-шарасын алды.

Алматы ҚНМӘСО баспасөз қызметі.