2016 жылдың 3-наурыз күні Қалалық медициналық наркологиялық әлеуметтік сауықтыру орталығында «Басқарма құрамы, қызметкерлер ,жұмысшылардың жер сілкінісі кезіндегі әрекеті» деген тақырыпта сейсмикалық жаттығу өтті.
Шараны ұйымдастырушы Азаматтық қорғаныс және ТЖ штабының бастығы М. Утешев қызметкерлерге зілзала кезінде дүрбелең туғызбай, өзін және әріптестері мен емделушілерді қорғауға мүмкіндік беретін кеңестер берді.
Шара кезінде М. Утешев зілзалаға алдын-ала дайындық барысын түсіндіріп, дабыл кезінде қажетті сөмке жайлы жан-жақты айтып берді.
Сейсмикалық жаттығуға 100-ге тарта кісі қатысты және олар төтенше жағдай кезінде өз бетінше және өзара жұдырықтай жұмылып көмек көрсету әдістеріне машықтанды.
ҚМНӘСО баспасөз қызметі.