Алматы жұртшылығы 22-наурызда құт-береке ,ырыс-ынтымақтың , мейірімділіктің мерекесі -Наурыз мейрамын айрықша атап өтті. Бұл мереке жер бетіндегі ең көне және қазақтар мен Азияны мекейтін кейбір елдердің бас мерекесіне айналған. Кейбір деректерге сүйенсек, Ұлыстың ұлы күні, Жыл басының 5 мың жылдық тарихы бар.
Алматыда ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен сүйікті шаһардың мың жылдығына арналған кең ауқымда аталып өтетін шаралар Наурыз мерекесінде бастау алды.
Медеу ауданында Наурыз мерекесіне арналған думанды шара таңертеңнен Оқушылар сарайы алаңында басталды. Танымал әншілер халық әндерін және қазіргі әуендерді шырқап, көпшілікке мерекелік шаттық сыйлады. Алматы қалалық наркологиялық медициналық әлеуметтік сауықтыру орталығының қызметкерлері думанды шараға белсенді түрде атсалысты. Орталықтың мамандары ақ халаттарын шешіп, бешпент, қамзол киіп, «Денсаулық ауылы» деп аталатын киіз үй тікті.
ҚНМӘСО мамандары жыл бойы тоқшылық пен молшылық болсын деген ниетпен оның ішіне аста-төк дастархан жайды.
Орталықтың нарколог дәрігерлері мен медбикелер және басқа да қызметкерлер киіз үйге кірген барлық қонақтарға наурыз көже берді. Мерекенің бас дәмі әдеттегідей су, ет, түрлі дән -бұршақ және қатық, яғни құрамына 7 түрлі азық қосып, арнайы пісірілген.
Сонымен бірге қала тұрғындары дәмді тоқаш, палау және ұлттық тағамдардан ауыз тиді.
Медеу ауданының әкімі С. Мәкежанов, Аудан бойынша медицина ұйымдары мен №5 ҚКА бас дәрігері Б. Садықов ,танымал актер С. Оразбаев және ҚР Еңбек сіңірген әртісі Д. Тілендиева «Денсаулық ауылы» киіз үйінен дәм татып, медицина қызметкерлерін Наурыз мейрамымен құттықтады.
Медеу ауданының әкімі С. Мәкежанов аудан тұрғындары мен қонақтарды көктем мерекесімен құттықтап, құр- береке тіледі :
-Наурыз -бұл бірлік пен татулықтың мерекесі. Қазақстан Республикасының бүгінгі жетістігі баршаны қуантып және таң қалдырып отырғаны анық. Бұл Мемлекет басшысы жүргізген сындарлы саясаттың нәтижесі,бүгінде Қазақстан халқының ынтымақ-бірлігі жарасқан ,толерантты ел. Баршаңызға мықты денсаулық және әр үйде ырыс-береке тілеймін.
Наурыз мерекесінде ауа райының шуақты және жылынуы думанды шараға келген аудан тұрғындарының көңіл-күйін асқақтатып тастағандай болды.
ҚНМӘСО баспасөз қызметі.