ҚР Мемлекеттік рәміздері
ҚР Президентінің Жолдауы
ҚР Президентінің Ресми сайты
Қазақстан-2050 Мәңгілік Ел

30-сәуірде Қалалық наркологиялық медициналық әлеуметтік сауықтыру орталығының қызметкерлері зейнеткерлік жастағы дәрігерлер мен медбикелер және санитарларды құрметті демалысқа салтанатты түрде шығарып салды.

 

 Олардың әрқайсысынан достары, кейде туыстары теріс айналып, тағдыры тәлкекке ұшырап, маскүнемділік пен нашақорлыққа тәуелділіктен қажыған науқастардан ешқашан медициналық көмектерін аяған емес. Орталық қызметкерлерімен бірлесіп, оларды тәуелділіктен құтқаруға атсалысты.

Салтанатты жиынға шақырылған 44 ардагердің жартысынан астамы мекемеде 15 жылдан 36 жылға дейін еңбек еткен. Қалалық наркологиялық медициналық әлеуметтік сауықтыру орталығының бас дәрігері Гүлсара Сүлейменова ұзақ жыл еңбек етіп, өз ісін мінсіз атқарған ардагерлерге алғыс білдірді.

     - Бүгін көңіл-күйіміз біресе толқып, біресе қобалжиды. Себебі біз майталман, кәсіби әріптестерімізді құрметті демалысқа шығарып салып жатырмыз. Сіздер сан жылдар бойы өздеріңізге жүктелген тапсырманы үлкен жауапкершілікпен және абыроймен атқарып, жас мамандарға үлгі көрсеттіңіздер және мол тәжірибелеріңізбен бөлістіңіздер. Қажырлы еңбектеріңіз үшін алғысым шексіз. Отбасыңызға береке , шапағат тілеймін. Белсенді және ұзақ өмір сүріңіздер . Жақындарыңыз сіздерден қамқорлығын аямасын және сіздерге қуаныш сыйласын деп тілеймін!

       Орталықтың әкімшілігі мен Кәсіподақ комитеті ардагерлерді алғыс хатпен марапаттап, сыйлықтар тарту етті. Зейнеткерлер де әріптестерінің қошеметі мен құрметіне ризашылық білдіріп, алғыс айтты.

                            

                                              ҚНМӘСО баспасөз қызметі.