Алматы қалалық наркологиялық медико-әлеуметтік сауықтыру орталығы қызметкерлерін Отан қорғаушылар және Жеңіс мерекесімен құттықтады.
Биыл 6-мамырда Қалалық наркологиялық медико-әлеуметтік сауықтыру орталығында Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс мерекесіне арналған салтанатты жиын өтті. ҚНМӘСО бас дәрігері Гүлсара Сүлейменова барлық ер азаматтарды және тыл ардагерлері Евгения Петриченко мен Нина Кондрашованы келе жатқан мерекелерімен құттықтады.
1992 жылы ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасының Қарулы күштерін құру туралы жарлыққа қол қойды және «7-мамыр Отан қорғаушылар күні» деп жарияланды. Елімізде бұл мерекені жыл сайын тойлау дәстүрге айналған.
Сонымен бірге биыл Қазақстанда Ұлы Жеңістің 71 жылдығын кең көлемде атап өту жоспарланған. Елімізде 9-мамыр мемлекеттік мереке. 1941-1945 жылдары 1 миллион 800 мың жерлесіміз майданға аттанды. Соғыс әрбір қазақ шаңырағына қасірет , зардабын тигізді.
Салтанатты шарада Гүлсара Сүлейменова еңбек ардагерлері мен жиынға қатысушыларға өзінің ризашылығын білдіріп,сыйлықтар тарту етті.
-Сіздерді Отан қорғаушылар және Жеңіс күні қарсаңында осы айтулы мейрамдармен құттықтаймын. Бұл мерекенің өзіндік ерекшелігі бар, патриоттық рух , туған жерге сүйіспеншілікті және отан қорғаушылардың ержүректілігі мен батырлықтарын паш ететін қасиетті мереке. Сондықтан біздің көк туымыздағы сияқты әрдайым аспанымыз ашық, күніміз жарқырап тұрсын. Сіздерге бақыт пен зор денсаулық тілеймін,-деп, бас дәрігер қатысушыларға жылы лебізін білдірді.
Қалалық наркологиялық медико-әлеуметтік сауықтыру орталығында «Жеңіс күні» мерекесіне орай Ашық есік күні өтті. Қала тұрғындары УДЗ , ЭКГ және басқа да зертханалық тексерулерден тегін өтті. Сонымен бірге нарколог,терапевт ,психотерапевт ,психолог және невропатолог мамандарынан ақысыз кеңес алды. «Ашық есік күні» шарасы барысында 70 алматылыққа ақысыз және сапалы қызмет көрсетілді.