2016 жылдың 20- мамыр күні Алматы қалалық наркологиялық медико-әлеуметтік орталықта «Жеңіс күніне» арналған ашық есік күні өтті.
Қала тұрғындарына нарколог дәрігер , психотерапевт , терапевт, УДС дәрігері және психолог сапалы медициналық кеңестер берді.
Ашық есік күні аясында нарколог дәрігердің көмегіне 14 адам жүгінсе, 11 тұрғын психотерапевтің кеңесін тыңдады. Ал психолог 11 кісіге психологиялық кеңес берді. 5 кісі түрлі медициналық зертханалық зерттеулерден өтіп, денсаулығын тексертті. Ашық есік күні жалпы 36 адам ақысыз, анонимді және сапалы қызмет көрсетілді.