2016 жылдың 13- мамыр күні Қалалық Орталық клиникалық аурухананың спорт алаңында медицина қызметкерлері арасында спартакиада басталды. Медицина қызметкерлерінің кәсіби мерекесі қарсаңында спорттық жарыстар өткізу жыл сайын дәстүрге айналған.
Бұл шараны ұйымдастырушылар - Алматы қалалық Денсаулық сақтау басқармасы мен Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы . Спартакиада ұлттық ойындар сайысы басталды. Жарыс бағдарламасына спорттың 4 түрі: арқан тарту, эстафеталық көңілді «қаппен жүгіру» ойыны, гир спорты мен армрестлинг енген.
Алматы қалалық наркологиялық медико-әлеуметтік сауықтыру орталығының жедел кеңес бригадасының мейіргері Маркаев Алмаз , №2 бөлімнің мейірбикесі Нұрлан Назерке және №3 бөлімнің мейірбикесі Жансая Қойжағанова додаға қатысты.
Арқан тартыс ойыны бойынша Медеу ауданы құрамасы 3-орынды иеленді, орталықтың медбикесі Қойжағанова Жансая топтың жүлделі орыннан көрінуіне атсалысты. Ал мейіргер Алмаз Маркаев та гирді 20 мәрте көтеріп, топ жеңісіне айрықша үлес қосты. Ол гир спорты, арқан тартыс және армрестлинг жарыстарына қатысты. Алмас Маркаев ойнаған Медеу ауданы бойынша медицина қызметкерлерінен құралған топ 8 ауданның ішінде арқан тартыстан 2 орын,ал гир және армрестлинг бойынша 3-орынды иеленді.
Тартысты өткен жарыстың қорытындысы бойынша Бостандық ауданы 1-орын, Медеу ауданы 2-орын , Алмалы ауданы 3-орынды иеленді.
Спартакиада бағдарламасы бойынша медицина қызметкерлері алда мини -футбол ,волейбол,үстел теннисі, жүзу және баскетболдан сайысқа түседі.
Жеңімпаздар Медицина қызметкерлерінің кәсіби мерекесі күні марапатталады.