ҚР Мемлекеттік рәміздері
ҚР Президентінің Жолдауы
ҚР Президентінің Ресми сайты
Қазақстан-2050 Мәңгілік Ел

           Алматы қалалық наркологиялық медико-әлеуметтік сауықтыру орталығының спорт алаңында 17 және 20 мамыр аралығында «Ойна! Ұмтыл! Жеңіске жет!» деген ұранмен емделушілер арасында волейболдан жарыс өтті. №3, №4, №7, және №10 мәжбүрлі түрде емдеу бөлімшелерінің науқастары ойынға қатысты.

     «Әр топтың ойыншылары моральді тұрғыда дайындалған, бұл бөлім және   меңгерушілерінің зор еңбегінің нәтижесі екені байқалып тұр   ,- деп дода төрешісі ,техникалық қауіпсіздік жөніндегі инженері Ерік Сұлтанбеков ағынан жарылды.

   -   Әр сайыстың жеңімпазы бар,- деп бас дәрігердің ӘШБ,АҚ және ТЖ бойынша орынбасары Мұхтар Утешев ойын тәртібі мен шарттары жайында айтып, ойыншыларды спортты серік етуге шақырды.

     Шеңбер жүйесі бойынша әр топ бір-бірімен ойнап, жарыстың жеңімпаз тобы іріктелді. Додада №7 мәжбүрлі түрде емдеу бөлімшесінің емделушілері табандылық көрсетіп, қарсыластарына дес бермей , жеңіс тұғырынан көрінді. Ал №4 бөлімнің науқастары екінші орынды иеленді. Олар өзге топтармен жарыста   2 ойында ұпайлары басым түскенімен бір ойында жеңіліске ұшырады. Осылайша екі рет жолы болмаған №3 мәжбүрлі түрде емдеу бөлімінің намысын қорғаушылар 3-орынды місе тұтты. Кәсіподақ ұйымының төрайымы Роза Тәтиева волейболшылардың дайындығы мен шеберліктеріне ризашылық білдірді. Бас дәрігердің ӘШБ, АҚ және ТЖ бойынша орынбасары Мұхтар Утешев жеңімпаздарға сыйлықтар тарту етті. Әр емделуші есірткі мен ішімдікке тәуелділік ауруынан айығуға ұмтылысы мен оны жеңуге деген құлшынысын тартысты ойынның әсер еткені даусыз.