2016 жылдың 22 -маусымында «Дүниежүзілік нашақорлықпен ,есірткі заттарының заңсыз айналымымен күрес күніне» арналған айлық шара аясында Қалалық наркологиялық медико-әлеуметтік сауықтыру орталығының наркологтары, ҚСӨСҚО орталығы, ІІД мамандары бірлесіп Оқушылар үйінің шәкірттері арасында «Өз өміріңді жарқын ет» атты би флешмобынан сайыс ұйымдастырды.
Жарысқа қатысушылар көңілді би флешмобтарын көрсетіп, би өнерлерін ортаға салды. Думанды шараның мақсаты – жастарға есірткі заттарының қауіптілігін түсіндіріп, оларды салауатты өмір салтын қалыптастыруға үгіттеп және пайдасын насихаттау. Би флешмобтары бәсекесіне дәрігер нарколог Баратова А.А қонақ ретінде қатысты.
«Ең үздік би флешмобына» қатысқан қаланың 7 аудандағы Оқушылар үйлерінің жасөспірімдері салауатты өмір салтын ұстану жарқын болашақтың кепілі екенін осылайша әдемі би өнерімен паш етті.