2016 жылдың 23- маусымында « Халықаралық нашақорлық және есірткі бизнесі қарсы күрес» күніне арналған айлық аясында «Жастар үйінде» жат әдеттерден аулақ болуға, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында спорттық шара өтті. Волейбол ойынына қатысқан екі топ жүлде үшін тартысты. Осы шара барысында Қалалық наркологиялық медико-әлеуметтік сауықтыру орталығының нарколог дәрігері С. Кеңесбекова «Жастар үйінің» тұрғындарына «Біз салауатты өмір салтын қолдаймыз» атты тақырыпта тренинг өткізді. Бұл басқосудың негізгі мақсаты – жағымсыз әдеттерге қарсы тұруға , салауатты өмір салтын қалыптастыруға жастардың ұстаным, қабілетін шынықтыру. Тренингте «Денсаулықты қалай түсінесіз?», «Денсаулық неге тәуелді?» , «Психобелсенді заттар дегеніміз не?» секілді сауалдар талқыланды.
Нарколог Кеңесбекова қызу пікірталастан кейін қатысушыларға Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жарғысы бойынша бекітілген денсаулық сөзінің мағынасын : «аурушандық пен дене бітімінде кемшіліктердің бар не жоғы ғана емес, сонымен қатар адамдардың толық физикалық, әулеметтік және рухани жай-күйінің амандығы» екенін түсіндірді.
-Сондай-ақ адам денсаулығына тұқым қуалайтын кеселдер, қоршаған орта , денсаулық сақтау саласының жағдайы және салауатты өмір салты әсер етеді. Сондай-ақ әр адамның өз ұстанымы мен көзқарасын қалыптастырып және пікірін айтуға дағдылану керек. Өмірде түрлі жағдайлар болады,яғни қажеттілік туындаған кезде «жоқ» деп айту керек. Айналаңыздағылар сіздің «жоқ» деген сөзіңізге сену керек және сізді райынан қайтару мүмкін емес екендігіне көз жеткізуі тиіс. -деді дәрігер.
Жиын соңында қатысушылар «Біз салауатты өмір салтын қолдаймыз» деген ортақ мәмлеге келді.
«Жастар есірткіге қарсы» шарасы».
«Жастар есірткіге қарсы» деген ұранмен Девиантты мінез-құлқы бар балаларға арналған мамандандырылған білім беру ұйымында спорттық жарыстар,тренингтер өтті. 2016 жылдың 23-маусымында өткен шара «Халықаралық нашақорлыққа және есірткі айналымына қарсы күрес күніне» арналған. Алматы қалалық наркологиялық медико-әлеуметтік орталықтың нарколог-дәрігері Жүзбаева А , әлеуметтік педагог Кошкина Г және дене шынықтыру пәні мұғалімдері бірлесіп, жасөспірімдер арасында түрлі спорттық ойындар жарысын өткізді.
Нарколог дәрігер Жүзбаева қазылар алқасы құрамында болып, жеңімпаздарды марапаттады. Осы шара барысында нарколог дәрігер салауатты өмір салтын ұстанудың пайдасы мен есірткі заттарының адам ағзасына әкелетін зияны жайында айтып берді. Бұл жиынға 35 кәмелет жасқа толмаған жасөспірім қатысты.
Естеріңізге сала кетсек, Қазақстанда маусымның 2-нде Халықаралық есірткіге және есірткі айналымына қарсы күрес күніне байланысты «Келешегің өз тек қолыңда! Денсаулықты сақта! Есірткіге жол жоқ!» деген ұранмен айлық басталған еді.
Жыл сайын алматылық наркологтар АҚСӨСҚО, ІІД қызметкерлерімен бірге халықаралық нашақорлыққа қарсы күні аясында бірнеше шаралар,флешмобтар және басқа да жиындарды белсенді түрде өткізуді дәстүрге айналдырған.