Алматы қалалық наркологиялық және медиициналық-әлеуметтік бейімдеу орталығының бас дәрігері, жоғары санатты дәрігер, денсаулық сақтау ісін ұйымдастырудың үздігі, медицина ғылымдарының кандидаты
Дәл қазіргі кезде қазақты иектеп тұрған жаман-әдет дағды аз болмай тұр. Жүректі дір еткізетін қатыгездік әрекеттер болса, ол ең алдымен қазақтың қолымен жасалған болып жатады. Ал бұған жол жағалап өзін саудалап жүрген қыздарымыз бен мұртын араққа малып, «өмір қызығын» өзінше кешіп жүрген ер азаматтарымызды қосыңыз. Белгілі тұрағы жоқтардың орталығына барсаңыз да, Алматы қаласындағы қырық жылдық тарихы бар қалалық наркология орталығына барсаңыз да алдыңыздан бет-ауыздары көнектей болып арақтан ісініп кеткен еркектер мен қыз-келіншектерді көресіз. Бұрын токсикологиялық орталыққа барсаңыз, өзге ұлттардың өкілдерін көбірек көрсеңіз, ал қазір ол жерде арақты біреулер оларға зорлап ішкізгендей ауыздарына келгендерін айтып, қоғамға деген зарын төгіп жатқан қазекеңнің сайдың тасындай азаматтарын көресіз. Оларды көрген сайын көкейде «осы біз қайда кетіп бара жатырмыз, осынша жаман дағдыларға неге еліктегіш болдық екен?» деген сауал қылаң береді. Интернет пен құмар ойындардың алдында да өріп жүрген тағы біздің қаракөздеріміз. Бір аптадан бері теледидар құлағын шулатып жатқан «көк китке» де кіріп кеткен – қазақ балалары. Бізді алаңдатқан көп мәселенің бірі – маскүнемдік пен нашақорлық дерті. «Адамдардың осы дертке шалдығуының себептері неде? Одан біржола айығып кетудің қандай амалдары бар?» деген сауал төңірегінде Алматы қалалық наркология және медициналық-әлеуметтік бейімдеу орталығының бас дәрігері Гүлсара Ракиметоллақызы СҮЛЕЙМЕНОВАМЕН әңгімелескен едік.
– Гүлсара Ракиметоллақызы, бізге берген бір сұхбатыңызда Алматы қаласында арақ ішу азайып келе жатыр деген едіңіз, ал өткен жылғы көрсеткіштеріңізге қарағанда, арақтан әлі арыла қоймаған сияқтымыз.
– Өмір болған соң түрлі жағдай орын алатын шығар. Маскүнемдік дертіне шалдыққандардың сырқаттамасына қарап отырсаңыз, олардың арақ ішуіне себеп болатын сылтаулар мен жағдайлар әртүрлі. Мәселен, өткен жылы бізге «арақ ауруымен» келгендердің көбі жұмыссыздық пен отбасындағы қиын жағдайлардың салдарынан, біреулердің алдауына түсіп қалып, үй-жайы, дүние-мүлкінен айрылып қалғандықтарынан немесе күйеулері тастап кеткендіктен, ал ер азаматтар болса, әйелі, бала-шағасы тастап кеткендіктен ішіп кеткендерін айтады. Өткен жылы тіркеуге алынған 24 мыңға жуық адамның тағдырлары да әртүрлі, дейтұрғанмен, мұның барлығы адамдардың бойындағы қиындыққа қарсы күресетін күш-жігер мен төзімділік қасиеттердің жоқтығынан орын алып отыр деп ойлаймын. Өмір болған соң түрлі жағдайлар кездесіп жатады, ол тағдырдың жазуы шығар, сондықтан оның оңай жолын емес, одан шығар тура жолды іздеу керек
– Орталыққа осы дертімнен арылсам деп өз еркімен келетіндер көп пе, әлде, маскүнемдіктің зары өтіп кеткен соң туысқандары күштеп әкеліп емдетіп жатқандар көп пе?
– Соңғысы көбірек деген болар едім. Арақ деген адамның денесіне бір кіріп алса, шығуы қиын, сана-сезімді арбап алатын ішімдік қой. Оған дағдыланып алғандардың өз еркімен одан бас тартуы өте қиын болғандықтан, көбіне маскүнемдік пен нашақорлық дертіне шалдыққандарды туыстары күштеп әкеліп те емдетеді. Өз еркімен келетіндер де жоқ емес, бірақ, олардың саны әзірге көңіл қуанта қоймайды. Нашақорларды емдету тіптен қиындау. Әйтседе орталық мамандары емделуге келген әрбір адаммен жеке-дара әңгіме өткізіп, олардың сана-сезімін мүмкіндігінше осы қасіретті дерттен арылуларына бейімдейді.
– Қазіргі кезде қанша адам маскүнемдік дертімен есепке алынып отыр?
– 2017 жылдың қаңтарына дейін Алматы қаласы бойынша 14 751 адам есепте тұр. Оның ішіндегі жасөспірімдердің саны – 89. Осы есепке алынған адамдардың 12 752-сі – маскүнемдік дертіне шалдыққандар, 1999 адам – нашақор.
– Осы сандардың арасындағы қыз-келіншектеріміздің үлесі қандай?
– Дәл қазір орталықта 3 мыңдай әйел маскүнемдіктен емделіп жатса, мыңнан астамы есірткінің әлегінен арылсам деген үмітпен ем қабылдап жатыр. Ең өкініштісі, есірткіге шырмалғандардың көбі жастар. Біздің орталық қызметкерлерін осы мәселе көбірек алаңдатады. Қазіргі жастардың көбі есірткінің синтетикалық түрлерін, спайс секілді шөп қоспаларын қолданулары көбейіп барады. «Спайс» деп аталатын темекі қоспасын қолдану адамның қалыпты психикасының бұзылуына әкеліп соқтырады. Әсері есірткіден артық болмаса, кем емес. Жастардың өз-өздеріне қол жұмсаулары, ақыл естерін жоғалтуларының нәтижесінде қатыгездік әрекеттерге баруы осы затты тұтынудың салдарынан орын алып жатыр. Жастар – біздің болашағымыз деп отырғандықтан, қоғам болып біз жастардың дұрыс тәрбие алып, тұлға болып қалыптасуларына барынша көңіл бөлуіміз керек. Әсіресе, ата-аналар отбасында балаларының тәртібіне, жүріс-тұрысына көбірек көңіл бөліп, оны алаңдатып жүрген мәселе болса, бірге талқылап, тығырықтан шығар жолды айтып, ақыл-кеңес беріп отырулары қажет. Бізге жақында жиырма екі жастағы бір жігіт түсті. Үйдің кенжесі көрінеді. Ата-аналары жеке кәсіппен айналысады екен. Өзі қаламыздағы ең мықты оқу орнында ақылы бөлімде оқитын болып шықты. Оның айтуынша, ол оқу орнында оқитындардың көбі білімдерін емес, ата-аналарының байлығын зерттеумен көбірек айналысатын көрінеді. Күндердің күнінде қарапайым көлік мініп жүрген достары оны «Джип» көлігіне мінгізіп алып, түнгі клубқа алып барады. Міне, сол күннен бастап, оның «бақытты» ғұмыры басталса керек. Ақшаның соңына түсіп кеткен ата-анасы мұның жан күйзелісіне мән де бермеген. Жігіттің жаман жолға түскенін ең алдымен сүйген қызы байқап қалып, оны біздің орталыққа алып келіпті. Жігіттің бар арманы – бойына кіріп алған есірткі жынынан айрылып, сүйген қызына қосылып, бақытты өмір сүру. Қызы да оның сауығып, нашақорлық дертінен айығып кетуіне бар күш-жігерін салып жүр. Бірақ, мұндай жағдайлар өте сирек кездеседі. Біздің психолог-мамандар мен әлеуметтік қызметкерлеріміз науқастардың туыстарымен әңгіме өткізіп, осы қасіретті дерттен айығу үшін ең алдымен жақындарының қолдауы мен сенімі қажет екендігін барынша түсіндіруге тырысады. Маскүнемдікке шалдыққан адамдардың психологиясы мен дүние түсінігі өте әлсіз болатындықтан, оларға туыстары тарапынан көрсетілетін көмектің маңызы өте зор. Мәселен, араққа салынып жүрген күйеуіне әйелі «сен алқашсың, мен сенімен ажырасамын» немесе «сені полицияға тапсырамын» деген сөзді көп айтпауы керек. Бұл сөз оларға үлкен үрей тудырып, ертең отбасым тастап кетсе, не күй кешемін деген күйзеліске ұшыратып, ол ішкі сезімі оны одан әрі араққа итермелеп тұрады. Сол себепті арақпен отбасы болып бірлесе күрескен жөн.
– Осы дерттің алдын алудың қандай да бір тиімді жолы бар ма?
– Мынандай жолы бар деп дөп басып айтар тәсілі жоқ, дегенмен, «аюға намаз үйреткен таяқ» демекші, маскүнем болсын, нашақор болсын, ол, түптеп келгенде, адамның баласы. Адам баласының тәрбиеге, айтқанға көнбейтіні болмайтындығын Абай бабамыз айтып кеткен ғой, тек оларды қатарға қосу үшін үлкен қамқорлық қажет.
– Орталықта соңғы жылдары маскүнемдік дерті мен нашақорлық дертін алдын ала анықтап, оған нақты диагноз қоятын зертхана ашылып, маскүнемдіктің алдын алу шаралары жаңартылып жатқандығынан хабардармыз, осы атқарылып жатқан жұмыстардың нәтижесі бар ма?
– Оныңыз рас, бізде өткен жылы есірткі тұтынғандарды тез арада анықтайтын зертхана ашылды. Енді биылдан бастап метадонмен емдеу тәсілін жүзеге асыру мақсатында арнайы кабинет ашылды. Сонымен қатар, маскүнемдік пен нашақорлықтан емделу ұзақ мерзімді қажет ететіндіктен, біз дәрі-дәрмекпен ғана емес, еңбек терапиясымен де емдеу тәсілдерін қарастырып, орталыққа қарасты бөлімшелерден еңбекке баулу кабинеттерін ұйымдастырдық. Әйелдерді демеушілердің көмегімен шаштараздыққа, сәндік әрлеу кәсібіне, тігіншілікке, киім пішу сияқты кәсіптерге оқытып, бейімдеу жұмыстарын қолға алып отырмыз. Ондағы мақсатымыз – орталықтан айығып шыққандардың жұмысқа орналасып, түзу жолға түсіп кетулеріне демеу болу.
– Шамамен жылына қанша адам толық айықты деген диагнозбен орталықтың есебінен шығарылады?
– 800 – 1000-ға тарта адам айығып шығады.
– Емделу мерзімдері қандай?
– Ол маскүнемдік пен нашақорлық дертінің дәрежесіне байланысты бір ай, үш, алты ай, бір жыл аралығында ем алады. Қандай ауру болсын оның алдын алған тиімді. Орталықта қоғамды осы маскүнемдік дертінен арылтуға қажетті жағдайлардың барлығы бар, тек бізге келген науқастардың бойында осы дерттен айығамын, арақ пен темекіні қоямын, есірткіні аузыма алмаймын деген өздерінің мақсаты болуы тиіс. Кез-келген дерттен айығу үшін адамның өзінің сенімі, соған қарсы күресетін ерік-жігері болуы маңызды рөл атқарады. Аурудан айығудың 80-нен астам пайызы адамның өзіне байланысты деген пайымға арқа сүйесек, маскүнемдік пен нашақорлықтан арылу үшін де осы қағиданы ұстану маңызды. Ол болмаған жағдайда ата-ананың, бала-шағаның, жұбайының көз жасы, маскүнемді ауруынан айықтырсам деп маңдай терін төккен дәрігерлердің де еңбегі еш кетеді. Сол себепті, маскүнемдіктен арылу, ең алдымен, сол қадамға саналы түрде барған адамның өзінің сана-сезіміне тікелей байланысты. Ал біз жаман-әдет дағдыдан арылсам деп келгендерге қашанда қолұшын беруге көмектесіп, тура жолға салар бағыт-бағдар беруге дайынбыз. Оған орталықта қызмет істейтін маман дәрігерлеріміздің білім-біліктері мен тәжірибелері толық жетеді. Орталық жанында емханамыз бар. Есепте тұратын науқастар осы жерге келіп, өздеріне белгіленген ем-шараларын алып, дәрігерлерімізден маскүнемдіктің, нашақорлықтың алдын алу жөнінде, оған ұрынбаудың жолын іздестіру бағытында ақыл-кеңес ала алады. Бізде емдеу анонимді түрде жүргізіледі. Есепте тұрған азаматтар туралы ақпараттар құпия сақталатындықтан, масаю дерті белгілі бола бастаған азаматтарға дер кезінде бізге келіп ем алып, маскүнемдік деген қасіретті дерттің алдын алуға асығыңыз дегіміз келеді. Ақылы емдеу бөлімі жұмыс істейді. Маскүнемдіктің қасіреті жетерлік. Ол ең алдымен отбасы мен балалар үшін ауыр жағдай. Маскүнемдік пен нашақорлық дерті үлкен әлеуметтік мәселе тудыруымен де қасіретті болып саналады. Қазіргі орын алып жатқан ажырасуларға да себеп болып отырған арақ деген пәлекет екендігі жасырын емес. Маскүнемдіктен айықтыру ерлерге қарағанда әйелдерде өте күрделі өтеді. Оған, бәлкім, әйел жанының нәзіктігі мен сезімге берілгіштік қасиеттері мен күйзеліске тез ұшырайтындықтары себеп болатын шығар.
– Гүлсара Ракиметоллақызы, метадонмен емдеу тәсілі қалай жүзеге асырылады?
– Бұл тәсілдің де түпкі мақсаты – есірткіге тәуелділік дертіне шалдыққандарды біртіндеп осы дерттен айықтыруға көмектесу болып отыр. Өзіңіз де білетін шығарсыз, бұл жоба ұзақ уақыт талқыланып, оның тиімді-тиімсіз тұстары толық сараптан өткізіліп барып, қолданысқа ендіріліп отыр. Бұл қазірше пилоттық жоба ретінде еліміздің бірнеше қалаларында ғана жүзеге асырылып отыр. Метадонмен емдеу тәсілі өзінің нәтижесін беріп жатса, оны наркологиялық орталықтарда пайдалану жоспарланып отыр. Метадон терапия тегін және қатаң бақылау арқылы жүргізіледі.
– Гүлсара Ракиметоллақызы, адамдарды денсаулығы мен өмірі үшін қауіпті дерттен арылтсақ деген игі мақсатта атқарып жатқан жұмыстарыңыз қашанда нәтижелі болып, арақ пен есірткі деген пәлекет азаматтарымыздан аулақ кетсін дегіміз келеді.
– Рахмет!

Керек-дерек:
Қазақстанда тұратын 1 адам жылына 14-15 литр аралығында ішімдік тұтынады екен. Бұл ДДСҰ деректерінен 8 литрге артық.
Алматы қалалық наркология және медициналық-әлеуметтік бейімдеу орталығында есепте тұратын науқастардың 12752-сі – маскүнемдік дертіне шалдыққандар болса, екі мыңға жуығы – нашақор. Маскүнемдердің 200-і – нәзік жанды қыз-келіншектер.
Орталық мамандарының айтуынша, бұл өз еріктерімен және туыстарының көмегімен емделуге келгендер көрінеді. Соған қарағанда, Алматыдағы маскүнемдікке шалдыққандар саны бұдан да көп болуы әбден мүмкін.
Әңгімелескен – Нұржамал БАЙСАҚАЛ. "Ақшам" және ағайын Сілтеме http://almaty-akshamy.kz/2017/02/10/%D0%B5%D2%A3-%D0%B1%D0%B0%D1%81%D1%82%D1%8B%D1%81%D1%8B-%D0%B5%D1%80%D1%96%D0%BA-%D0%B6%D1%96%D0%B3%D0%B5%D1%80/