ҚР Мемлекеттік рәміздері
ҚР Президентінің Жолдауы
ҚР Президентінің Ресми сайты
Қазақстан-2050 Мәңгілік Ел

«Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Ұлт көшбасшысы Қазақстан Республикасының президенті Н. Ә. Назарбаевтың халыққа жолдауы талқыланды.

2017 жылдың 8-ақпанында Медеу аудандық медицина ұйымдарының өкілдері Президенттің 2017 жылдың 31 қаңтардағы   «Қазақстанның үшінші жаңғыруы : жаһандық бәсекеге қабілетті» атты Қазақстан халқына жолдауын талқылады. Жиынға Медеу ауданы әкімінің орынбасары Майлабаев Г. А, «Нұр отан» партиясының өкілдері және Медеу ауданының медицина қызметкерлері қатысты.

         №5 Қалалық клиникалық аурухананың бас дәрігері Б. Н Садықов жиынды  ресми түрде ашып, «Қазақстанның үшінші жаңғыруы : жаһандық бәсекеге қабілеттілік» тақырыпта баяндама оқыды. Сонымен бірге  бас дәрігер Садықов Б. Н Президент жолдауының қоғам өміріндегі маңызды рөлі мен оның дамудың жаңа кезеңіне қадам басқанын айты:

 -         Сөз соңында айта кететіні жаңа жылдың басында идеологиялық және саяси , сондай-ақ экономикаға жаңа көріністің  енгізуге қолайлы уақыт. Баршыңызды Қазақстан Республикасы Президентінің жолдауында қойылған мақсаттар мен міндеттерді бір кісідей жұмылып, жүзеге асыруға шақырамын.

       Сонымен бірге басқосуда Алматы ҚНМӘСО бас дәрігері Гүлсара Сүлейменова « Бірінші басымдық- экономиканың жеделдетілген технологиялық жаңғыртылуы» деген баяндамасын оқыды және Елбасының жолдауын жүзеге асыру мақсатында атқарылған жоспарлармен бөлісті. Гүлсара Сүлейменова Қазақстан президентінің халыққа жолдауында ақпараттық технологияларды енгізу және қаржылау сауаттылықты көтеруге көбірек көңіл бөлгеніне тоқталды.

 -         Айта кету керек,біздің мекемеде IT технология ензіліп жатыр, ,госпитальдық ақпараттық жүйе іске қосылған,әр тоқсан сайын есеп беру, мемлекеттік сатып алу электрондық жүйе арқылы жүргізіледі. Міндетті медициналық сақтандыруды енгізуге байланысты 79 қызметкерді атап айтқанда 15 медбикені оқытуды жоспарлап отырмыз,- деп, сөзін түйіндеді ҚНМӘСО бас дәрігері Гүлсара Сүлейменова.

     Алқалы отырыста кәсіпкерлік ортаны түбегейлі жақсартуға және өрістетуге , макроэкономикалық тұрақтылық пен адам капиталының сапасын жақсартуға ,қаіпсіздік пен жемқорлықпен күреске қатысты тақырыптар жан-жақты талқыланды.

        Жиында Медеу ауданы әкімінің орынбасары Майлыбаев  Ғани Айдарұлы тарихи құжаттың маңызды қырларына тоқталып, еліміздің жаңа өрлеуі кезеңін  айқындайтынын атап өтті. Жиынға қатысушылар Мемлекет басшысының еліміздің экономикасының жаңа бағытта өрлеуі мен мемлекеттік басқару жүйесінің жаңғыртуға серпін беретін  ұсыныстарын жұмылып,қолдайтындықтарын жеткізді.

 

 

                                                       ҚНМӘСО баспасөз қызметі.