14 ақпанда 2017 жылы Алматы қалалық наркологиялық медико-әлеуметтік сауықтыру орталығының дәрігер-наркологы С. Кеңесбекова №156 мектепте « Жастар арасында психикалық белсенді заттарды пайдаланудың зияны және ЖИТС/ АИТВ алдын алу» тақырыбында семинар өткізді. Шараның негізгі мақсаты оқушыларды психобелсенді заттардан аулақ болуға , АИТВ инфекциясының таралу жолдары, ЖИТС және АИТВ дертіне шалдыққан адамдармен толерантты қарым-қатынасын дамыту, жиынға қатысушылардың осы жат әдеттерден аулақ болуға кеңес беретін ақпараттарды өзінше ізденуге серпіліс беру, денсаулығын күту туралы жан-жақты ақпараттандыру. Басқосуда нашақорлықтан туындайтын маңызды мәселелер қозғалып,бейнебаяндар көрсетілді. Жиынға 53 оқушы қатысты, 120 ақпаратты-ағарту құралы қатысушыларға үлестірілді.