14 ақпанда 2017 жылы Алматы қалалық наркологиялық медико-әлеуметтік сауықтыру орталығының нарколог дәрігері Жүзбаева Н. Н №132 орта мектепте психобелсенді заттардан аулақ болудың алдын-алуға арналған баяндама оқыды. Дәрігер нарколог жиынға қатысқан 37 оқушыға салауатты өмір салтын қалыптастыру, өз денсаулығына деген жауапкершілік пен психобелсенді заттарды тұтыну салдарынан туындайтын түйіткілдер туралы мол мағлұмат берді. Сонымен бірге шәкірттерге психобелсенді заттардың адам денсаулығына қауіптілігі жайында бейнебаяндарды көрсетіліп, ақпаратты –ағарту құралдары таратылды.