Бүгін 1 наурызда Қазақстан халқы «Алғыс айту» күнін атап өтті. Президент Нұрсұлтан Назарбаев 2015 жылдың сәуір айында Қазақстан ассамблеясының сессиясында жыл сайын ҚХА құрылған 1-наурызды «Алғыс айту» күні деп жариялауды ұсынды. Елбасы : «Қазақстан халқы ассамблеясы құрылған күн – 1 наурызды жыл сайын барлық этностардың бір- біріне және мейірімділік танытып, адамдарды өз туғанындай қабылдаған қазақтарға алғыс айту күні ретінде атап өту әділетті болар еді. Ол күн бізді бұрынғыдан да гөрі жақындастыра түспек. Бұл күн мейірімділіктің, бүкіл қазақстандықтардың бір -біріне деген достығы мен махаббатының жарқын мерекесі бола алар еді», – деген еді.
Алматы қалалық Наркологиялық медико-әлеуметтік сауықтыру орталығында «Алғыс айту» күніне арналған салтанатты шара өтті. Орталықтың бас дәрігері Гүлсара Сүлейменова ұжымды мерекемен құттықтады.
Ал ҚНМӘСО әлеуметтік қызметкері А.Жалғасұлы Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың № 173 Жарлығы және елімізде осы мерекенің пайда болуы жайында баяндама оқыды.
- Президент Н.Назарбаев Қазақстан халқының Ассамблеясы құрылған күн 1-наурызда «Алғыс айту күнін» бекітті және мерекені тойлау алгоритмі қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайтуға, «Мәңгілік ел» патриоттық актісінің алға ілгерілеуіне септігін тигізетін жалпыұлттық бастаманың құжат түріндегі нұсқасы болуы тиіс екенін атап айтты,- деді А. Жалғасұлы.
Салтанатты шарада ҚНМӘТО-ның қызметкерлерінің қатысуымен концерт ұйымдастырылды.
ҚНМӘСО бас дәрігері ұжымда кәсібіне адал медицина саласының мамандарына алғыс айтып, мерекемен құттықтады.
Сонымен бірге ҚНМӘСО спорт алаңында емделушілер арасында «Былғары доп» атты футболдан турнир өтті.
ҚНМӘСО баспасөз қызметі.